Барша Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан қасиетті «Құрбан айт» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
2025 жылы елімізде Құрбан айт мерекесі 6–8 маусым аралығында аталып өтеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметіне сәйкес, елорда мешіттерінде 6 маусым күні сағат 6:00-де Айт намазы оқылады. Құрбандық шалу рәсімі бекітілген орындарда сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.
Астана қаласы аудандары әкімдіктерінің ұсынысына сәйкес, 2025 жылы 6 құрбандық шалу орны белгіленді:
«Байқоңыр» ауданы:
«Жайлау» базары — Алаш тас жолы, С 313 көшесі («Шарын» базарының артқы бөлігі);
«Шанхай» базары — Алаш тас жолы, 34/6 («Көк базар» артқы аумағы);
«Шопан ата» базары — «Рубиком» және «Әмір» базарларының арасы;
«Баракат» базары — А 369 көшесі, №10 ғимарат;
«Шаушен» шаруа қожалығы — Алаш тас жолы, 136Б;
«Алматы» ауданы:
«Ет-Хан» ет цехы — «Теміржол» тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.
Қазіргі уақытта Астана қаласы әкімдігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қалалық өкілдігімен және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ, Құрбан айт мерекесі күндері халықты құрбан шалу және басқа да өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру мақсатында тәулік бойы «109» Call-center қызмет көрсетеді.