Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Президент көмекшісі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру барысы, оның ішінде мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландыру механизмін енгізу мәселесі қаралды.
Жобаны толық енгізу осы жылдың 1 тамызына жоспарланған.
Қазіргі таңда жобаға 2,3 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым қатысуда және 276,5 мың балаға ваучерлер берілді.
Өткен жылы жоба Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында сынақтан өтті, ал ағымдағы жылдың басынан бастап Астана қаласының балабақшалары, наурыз айынан бастап Қарағанды, Семей, Өскемен, Жезқазған қалалары және Жамбыл облысының Байзақ, Түркістан облысының Сарыағаш аудандарының балабақшалары жобаға қосылды.
Ваучерлік жүйе артықшылықтары:
Жаңа жүйенің тиімділігін пилоттық жобаның алдын ала қорытындылары растады. Пилоттық жоба жүзеге асырылған қалаларда кезек айтарлықтай қысқарды, ал кейбір қалаларда (Тараз, Түркістан, Орал) балабақшаға кезекте тұрған барлық балалар орналастырылды.
«Өлі жандарды», қайталанған және бірнеше балабақшада тіркелген балаларды алып тастау есебінен жобаны іске асыру басталғалы 27 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді.
Осы үнемделген қаражаттың 25 млрд теңгесі бұрын кезекте тұрған балаларды орналастыруға, ал 2 млрд теңгесі жаңадан кезекке тұрған, 2 жасқа толған балаларға бағытталды.
Кездесу барысында Шымкент және Қарағанды қалаларындағы кезек мәселелері қаралды. Сондай-ақ Ұлытау облысының әкімдігіне кәсіпкерлермен жаңа мектепке дейінгі ұйымдарды ашу бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды, бұл кезекте тұрған балаларды қамту мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
2025-2026 оқу жылына балаларды бірінші сыныпқа қабылдауға өтініштер қабылдау жалғасуда. ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, бірінші сыныпқа ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде алты жасқа толған балалар қабылданады.
Өтініштерді қабылдау биыл бес ай бойы — 31 тамызды қоса алғанға дейін жалғасады. Болжам бойынша, мектеп табалдырығын 370 мыңнан астам бала аттайды.
«Алғашқы үш күнде 24 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Ең үлкен белсенділік Астана мен Түркістан облысында байқалуда. Ата-аналардың шамамен 70% — ы мемлекеттік тілде оқытуды таңдады», - деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті.
Өтінішті онлайн — eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы, сондай — ақ қағаз түрінде-тікелей мектепте беруге болады. Өтінімдер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады
Оқу-ағарту министрлігінің жанындағы Мәслихат депутаттарының отырысы өтті.
Барлық деңгейдегі мәслихаттардан 190-ға жуық депутат қатысатын бұл консультативтік-кеңесші орган білім беру жүйесін дамыту бағытындағы мәселелерді талқылайтын аса тиімді алаңға айналды.
Өткен жылы құрылған кеңес кері байланыс орнату мен жан-жақты зерделенген шешімдер қабылдаудың тиімді тетігі ретінде маңызды рөл атқарып келеді.
Өңірлердегі халық өкілдерімен орнатылған тұрақты диалогтың арқасында министрлік өзекті сын-қатерлерге жедел ден қойып, нақты өзгерістер мен жаңашылдықтар енгізуде.
Кездесу барысында министрліктің 2024 жылы атқарған жұмыс қорытындысы таныстырылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім беру инфрақұрылымдарын жаңғырту, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау сияқты бағыттар бойынша қол жеткізілген нақты нәтижелер мен жүйелі шаралар қаралды.
Ведомство басшысы депутаттық корпуспен өзара ынтымақтастық білім беру саласында тұрақты дамуды қамтамасыз ететінін атап өтті.
«Біз өңірлерде жиі кездесеміз, жергілікті жерлерде мәселелерді бірлесіп талқылаймыз, мұның барлығы білім беру сапасын жүйелі түрде арттыруға бағытталған практикалық қадам болып табылады. Мәслихаттар - мемлекеттік саясатты іске асырудағы біздің негізгі серіктесіміз. Бірлескен жұмыс проблемаларды анықтап қана қоймай, оларды шешуге мүмкіндік береді. Біздің ортақ міндетіміз - әрбір балаға өз әлеуетін аша алатын тең әрі қолайлы жағдайлар жасау. Бұл — біз жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан негізгі ұлттық басымдық», - деді Ғани Бейсембаев.
Депутаттар жергілікті жерлердегі кейбір өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарын қойды. Олар ашықтық, сыңдарлы диалог және нақты нәтижеге негізделген жүйелі жұмыс үшін ризашылықтарын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министр бірқатар өңірлерде депутаттармен кездесулер өткізген болатын. Олардың қорытындысы бойынша министрлік пен өңір халқы арасындағы көпір рөлін атқаратын мәслихаттар депутаттары кеңесін құру туралы шешім қабылданды.
В столице завершился мегапроект «Оқу & математикалық сауаттылық: табысты синергия», организованный школой развития интеллекта «Zerdeli» при поддержке Министерства просвещения РК.
В масштабном мероприятии приняли участие 200 педагогов: 100 учителей казахского языка и литературы и 100 учителей математики. Все они прошли предварительный отбор, основанный на уровне читательской грамотности и логического мышления.
На первом этапе участники в парах прошли тестирование, включавшее 50 вопросов по профилям. На втором этапе педагоги соревновались в командах с представителями других регионов, отвечая на 120 заданий, направленных на развитие логики и критического мышления.
В церемонии награждения принял участие министр просвещения Гани Бейсембаев. В своей речи он подчеркнул важность проведения подобных мероприятий для повышения качества образования в стране.
«В центре качественного образования стоит учитель. Именно от его профессионализма, способности мыслить критически и развивать в детях эти навыки, зависит будущее наших учеников. Такие проекты помогают сформировать единую модель развития грамотности, способствующую росту образовательных результатов на национальном уровне», — заявил министр.
По итогам конкурса Гран-при завоевала команда Западно-Казахстанской области. Первое место заняли педагоги из Жамбылской и Карагандинской областей. Второе место — у команды из Абайской области и города Алматы. Третье место поделили Кызылординская и Актюбинская области.
Жоба аясында мектеп кітапханаларын дамыту және оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда мектеп кітапханаларының қорына 1,6 миллион дана көркем әдебиет қосылып, жалпы кітап қоры 141 миллионнан асты.
Ғани Бейсембаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің директорлары және педагогтерімен жұмыс кездесулерін өткізді. Ұжымдардың алдына білім беру сапасын арттыру және заманауи білім беру ортасын дамыту бойынша міндеттер қойылды.
Министр атап өткендей, жайлы мектеп — бұл білім беру стандарттарын теңестірудегі және мектептегі білім беру моделін жүйелі түрде өзгертудегі маңызды қадам. Ұлттық жоба әрбір балаға тұрғылықты жеріне қарамастан заманауи талаптарға сай, сапалы білім алуға мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.
«Жайлы мектептер үздік педагогикалық тәжірибелер мен инновациялық шешімдерді тарататын тірек білім беру ұйымдарына айналуы тиіс. Бұл бағытта қауіпсіз орта құруға, білім берудің тұрақты сапасын қамтамасыз етуге қабілетті басқару корпусы мен кадрлық әлеуетті қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Осындай мектептер желісі арқылы біз елімізде білім беру сапасын кезең-кезеңімен арттыру жүйесін қалыптастырып жатырмыз», - деді министр.
Педагогтер өз кезегінде оқу процесін одан әрі жетілдіру бойынша тәжірибелерімен және ұсыныстарымен бөлісті. Әдістемелік қолдау, мұғалімдердің кәсіби дамуы және ата-аналарды оқу-тәрбие процесіне тарту мәселелері кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ ұстаздарға арналған семинар ұйымдастырылып, онда жайлы мектептер тұжырымдамасы, бағалау және мониторинг жүйесінің тетіктері, кадр ресурстарын басқару тәсілдері, білім беру процесін цифрландыру құралдары ұсынылды.
Қазақстанда ваучерлік қаржыландыру әдістемесін қолдана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты дербестендіру бойынша жұмыстар жалғасуда.
2024 жылдан бастап Тараз, Түркістан, Шымкент, Орал және Астана қалаларында мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру жүйесі сәтті енгізілді. Ал 2025 жылдың наурыз айынан бастап пилоттық жобаға Семей, Өскемен, Жезқазған, Қарағанды қалалары, сондай-ақ Байзақ және Сарыағаш аудандары қосылды.
"Бұл механизм мемлекеттік қызметтерді ашық және тиімді көрсетуге, және мектепке дейінгі ұйымдар арасында мемлекеттік тапсырысты бөлуге бағытталған. Жаңа жүйенің негізгі артықшылығы - балабақшалар арасындағы салауатты бәсекелестік және ата – аналарға арналған білім беру мекемесін таңдау еркіндігі есебінен қызмет көрсету сапасын арттыруда", - дейді Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манара Адамова.
Айта кету керек, ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасын іске асырудың арқасында Тараз қаласының балабақшаларына кезек 12 есеге – 24 мыңнан 2 мыңға дейін, ал Түркістанда – 5 есеге-850-ден 169-ға дейін қысқарды. Осындай жағдай басқа аймақтарда да байқалады.
Айта кетейік, жобаны биылғы жылдың соңына дейін басқа өңірлерде де масштабтау жоспарлануда.
Қазақстан мектептерінің қауіпсіздігі қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы келесі карусельде