Меню
Страницы
Комитеттер
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Министрлік туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Бөлім туралы
Все материалы
01 июня 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
– Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын! – деп жазды Президент әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында.
 
01 июня 2025
Мемлекет балаларды қорғауға, олардың қауіпсіз және салауатты балалық шағын қамтамасыз етуге басымдық беріп келеді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар шаралар қабылдануда
01 июня 2025
Республикалық «Жанымызда батырлар – еңбек адамдары» балалардың сурет байқауы басталды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығы және «Kazakhmys» корпорациясы «Жанымызда батырлар – еңбек адамдары» балаларға арналған сурет байқауының басталғанын хабарлайды.

Байқауға еліміздің барлық мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатыса алады.

Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың еңбекке және жұмысшы мамандығындағы адамдарға деген құрметін қалыптастыру, сондай-ақ қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашу. Әсіресе, бала туындысында өндірістік мамандықтарға ерекше назар аударылуы тиіс.

Қатысу шарттары қарапайым:
жұмысшы мамандығының кейіпкерін салу
суреттерді Instagram-ға #ЖанымыздаБатырлар және #ЖұмысшыМамандықтарыЖылы хэштегтерімен жариялау
@kazakhmys.news және @rumcdo_official аккаунттарын белгілеу
өтінішті konkurs_parlament@mail.ru поштасына жіберу

Әр орынға бағалы сыйлықтар қарастырылған, ал үздік 10 жұмыс қала көшелерінде билбордтарға ілінеді.

Қорытынды 19 маусымда www.ziyatker.org сайтында жарияланады.

30 мая 2025
«Келешек мектептері» жобасында инклюзивті білім беруге ерекше көңіл бөлінуде.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған: жеке санитарлық бөлмелері бар кең кабинеттер қарастырылған. Мектептерде жеделсаты, пандустар, арнайы белгілер орнатылған, сондай-ақ психолог, логопед және дефектолог кабинеттері жабдықталған.

30 мая 2025
1 шілдеден бастап елімізде отбасыға орналасудың жаңа түрі - «Кәсіби қабылдаушы отбасы» енгізіледі

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дөңгелек үстелде Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері 1 шілдеден бастап елімізде балаларды орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасы енгізілетінін хабарлады. Бұл уақытша шара балаларға қауіпсіз әрі жайлы үй жағдайын жасауға бағытталған.
 
​Қабылдаушы кәсіби отбасылар бір уақытта төрт балаға дейін қабылдай алады. Әрбір балаға жеке көңіл бөлініп, қамқорлық көрсетіледі. Баланың мұндай отбасында болу мерзімі ең көп дегенде алты айды құрайды.
 
​Қабылдаушы кәсіби отбасыларға тек төрт санаттағы балалар ғана орналастырылады:
​•​жетім балалар;
​•​ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
​•​панасыз және қараусыз қалған балалар;
​•​зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар.
 
​Қабылдаушы кәсіби отбасы болуға үміткерлер міндетті түрде жетім балаларға арналған арнайы ұйымдар мен балаларды отбасына орналастыруға көмектесетін аккредиттелген мекемелерде психологиялық дайындықтан өтеді.
 
​Кандидаттарды тағайындау туралы шешімді қамқоршылық органдары қабылдайды. Бұл шешім ұсынылған құжаттардың толықтығы мен заң талаптарына сәйкес қабылданады.
 
​Қабылдаушы кәсіби тәрбиешіге әр бала үшін ай сайын жәрдемақы және көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем қарастырылған.
 
​Балалар анықталған бойда интернат мекемелеріне емес, бірден отбасыларға жіберіледі. Бұл олардың отбасы жылуын сезінуіне мүмкіндік береді.
 
​Айта кетейік, елімізде балаларды орналастырудың төрт түрі бар: асырап алу, қамқоршылық, патронат және қабылдаушы отбасы.

30 мая 2025
Елімізде алғаш рет ауқымды «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы әзірленуде

​Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасы шеңберінде елімізде әрбір баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қолданыстағы және жоспарланған шараларды біріктіретін «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын жасақтау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері Балаларды қорғау күніне орайластырылған Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді.

​Аталған бағыттағы жұмыс Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, Парламент депутаттарымен және азаматтық қоғам өкілдерінің белсенді қатысуымен жүргізілуде.

​«Бұл мемлекеттің, ата-аналардың, педагогтердің, дәрігерлердің, әлеуметтік қызметтер мен ҮЕҰ өкілдерінің күш-жігерін біріктіретін Қазақстандағы алғашқы кешенді бағдарлама болады. Қазір біз балалық шақты қорғау саласында жасалған барлық істерді - нормативтік құжаттардан бастап нақты жағдайларға дейін - ненің тиімді екенін және қай тұстарын қайта қарауды қажет ететінін түсіну үшін мұқият талдап жатырмыз. Сондай-ақ статистиканы зерттейміз, себебі әрбір санның артында баланың тағдыры тұр», - деп атап өтті Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

​«Қазақстан балалары» бағдарламасы өскелең ұрпақ мүддесіне бағытталған тұрақты және дәйекті мемлекеттік саясаттың негізіне айналады. Оны іске асыру елдегі әрбір баланың құқықтары мен дамуын жүйелі қорғау үшін берік іргетас қалайды.

30 мая 2025
Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады

Мемлекет жыл сайын балалардың шығармашылық үйірмелерге, спорттық секцияларға және қосымша білім беру бағдарламаларына қатысуын қаржыландырып келеді.

Алайда жүргізілген тексерістер барысында бірқатар күрделі заңбұзушылықтар анықталды: балаларды жалған тіркеу арқылы қатысу көрсеткіштерін жасанды түрде көбейтіп көрсету, 164 секцияда сабақтардың санитарлық талаптарға сай келмейтін пәтерлерде, жертөлелерде және тұрғын үй-жайларда өткізілуі, 6 өңірде бұрын сотталған адамдардың балаларды оқытуы бойынша 20 жағдайдың тіркелуі, сондай-ақ жүйеде тіркелгенімен, нақты сабаққа қатыспаған 8 мыңнан астам баланың анықталуы. Бұл фактілер алаяқтықтың, жалған есеп жүргізудің және бюджет қаражатын жымқырудың орын алу ықтималдығын көрсетеді.

Мұндай заңбұзушылықтарды болдырмау және балалар үшін қауіпсіз әрі сапалы жағдай жасау мақсатында 2025 жылғы 1 маусымнан бастап бірыңғай ваучер жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Ол Астана, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Ақтөбе қалаларында жүзеге асырылады.

Аталған жүйе мемлекеттік және жекеменшік спорттық секциялары, шығармашылық үйірмелері мен қосымша білім беру курстарын бірыңғай цифрлық платформаға біріктіреді.

Жаңа жүйенің басты қағидаты – ваучер білім беру ұйымына емес, тікелей балаға беріледі. Бұл баланың спорт, өнер және білім беру бағыттары арасында еркін ауысуына мүмкіндік береді және бұрынғыдай қайта кезекке тұру немесе қаржыландырудан айырылып қалу жағдайларын болдырмайды.

Платформаны әзірлеу барысында әр өңірдің ерекшелігі мен шығармашылық, спорттық және білім беру қызметтерініндегі айырмашылықтар ескерілетін болады.

Бірыңғай ваучердің екі түрі қарастырылған:

  • Нысаналы ваучер – мемлекеттік мекемелерге арналған және кезекке тұруды қажет етпейді;
  • Әмбебап ваучер – баланың ата-анасы eGov.kz порталы арқылы жекеменшік немесе мемлекеттік емес ұйымды таңдай алады. Мұндай ваучер бойынша кезек баланың жасы мен отбасының әлеуметтік мәртебесіне сәйкес қалыптасады және бұл ресурстарды әділетті бөлуге мүмкіндік береді.

Жаңа ережелерге сәйкес, үйірмелер мен секцияларда балалардың қауіпсіз және сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін қауіпсіз инфрақұрылым, санитарлық және өртке қарсы нормалардың сақталуы, бекітілген білім беру бағдарламалары мен білікті мамандар болуы қажет. Бюджеттік қаражат тек мақсатына сай пайдаланылуы тиіс. Қатысушылардың келуі күнделікті цифрлық форматта тіркеледі, ал бірыңғай платформа қаражаттың жұмсалуын ашық көрсетуді, процестерді автоматтандыруды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен алаяқтық схемаларын азайтуды қамтамасыз етеді.

Жобаны келесі мемлекеттік органдар бірлесіп жүзеге асырады:

  • Мәдениет және ақпарат министрлігі – шығармашылық бағыт бойынша;
  • Туризм және спорт министрлігі – спорттық секцияларды үйлестіру;
  • Оқу-ағарту министрлігі – қосымша білім беру бойынша;
  • Цифрлық даму министрлігі – техникалық сүйемелдеу және цифрлық инфрақұрылымды жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдар бюджеттік қаражатты нысаналы және тиімді пайдаланудың тетіктерін енгізу бойынша жүйелі саясатты жалғастыруда. Пилоттық жоба тек балалардың мүдделерін, олардың қауіпсіздігін және көрсетілетін қызметтердің сапалы түрде қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

 

29 мая 2025
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің ережелері бекітілді

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру, инклюзивті және арнайы білім беруді жүйелі түрде нығайту аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі ережелерін бекіту туралы» жаңа бұйрық қабылдады.

Құжат арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің бірыңғай жүйесін құруға бағытталған.

«Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі (ППС) — бұл білім беру процесінің қатысушыларына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін алқалы орган. Ол оқушылардың, соның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етеді, олардың оқу мотивациясын, үлгерімін, шығармашылық әлеуетін және кәсіби өзін-өзі анықтауын дамытуға ықпал етеді», — дейді Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.

ППС құрамына білім беру ұйымының басшысының орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, арнайы педагогтер, педагог-ассистенттер және кәсіби бағдар беру педагогтері кіреді. ППС жұмысын үйлестіруді білім беру ұйымының басшысының орынбасарлары жүзеге асырады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Министрлік инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық базаны кешенді түрде талдады. Оның қорытындысы бойынша 15 нормативтік-құқықтық акт бекітіліп, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үш деңгейлі моделі енгізілді, қолдау кабинеттеріне қойылатын жаңа талаптар белгіленді, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеуге арналған жеке бағдарламалар әзірленді, жаңадан педагог-ассистент, арнайы педагог және жеке көмекші лауазымдары енгізілді.

Биыл наурыз айында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау стандарты бекітілді.

Бүгінде Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны 230 мыңнан асады.

29 мая 2025
ҚР Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
 
Қабылдау барысында азаматтар білім беру саласына қатысты, соның ішінде орта, инклюзиялық және арнайы білім беру мәселелері бойынша сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді. Түскен өтініштер балалар үшін тең білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, педагогтердің құқықтарының қорғалуы және олардың біліктіліктерін арттыру сынды өзекті мәселелерді қамтыды.
 
Министр әрбір өтінішті мұқият тыңдап, нақты жауаптар берді. Сондай-ақ аталған мәселелерді шешу бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелер мен өңірлік басқармаларға тапсырмалар жүктеді.
 
Айта кетейік, азаматтарды қабылдау Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16-кіреберіс мекенжайында орналасқан Азаматтарды қабылдау орталығында өткізіледі. Қабылдау кестесі министрліктің ресми сайтында жарияланған.
29 мая 2025
Павлодарлық колледж студенті Google компаниясынан арнайы шақырту алды

Павлодар қаласындағы IT-колледждің студенті Даниил Барт Google компаниясынан Берлин қаласында өтетін халықаралық Google I/O - 2025 конференциясына қатысу үшін арнайы шақырту алды. Бұл шара Еуропа, Азия, Таяу Шығыс пен Африканың үздік мамандарын біріктіреді.

Даниил — әлем бойынша техникалық құзыреттілікті растаудың қатаң талаптарынан сүрінбей өткен санаулы студенттердің бірі.

«Конференция және одан кейінгі тағылымдама жасанды интеллект, Android, бұлтты платформалар мен веб-технологиялар саласындағы озық білімге жол ашады. Мен осындай деңгейдегі шараға елімнің атынан қатысатыныма қуанамын», — дейді Даниил Барт.

Студенттің бұл халықаралық компаниямен серіктестігі 2023 жылы колледждің 1-курсында басталды. Ол Қазақстанда Google ұйымдастырған техникалық іс-шаралар мен байқауларды өткізетін команда құрамына кірді.

Қазір Даниил Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің 3-курсында оқиды. Бағдарламалауға қызығушылығы мектепте пайда болып, колледжде түрлі байқаулар мен хакатондарға белсенді қатыса бастады. 2023 жылы WorldSkills Kazakhstan байқауында «алтын» жеңіп алды, 2024 жылы ол Иранда өткен халықаралық турнирде үздік ондыққа енді. «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының лауреаты және Google қауымдастығы аясында бірқатар жобалардың авторы болып табылады.

Социальные сети
Instagram
Facebook
Youtube
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты