Құзіреттілік орталықтардың мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарға инновациялар енгізу және жас мамандарды оқыту.
Құзыреттілік орталықтардың педагогтері табысты тәжірибелерді өз әріптестері арасында таратады, жаңа идеялармен бөліседі, сондай-ақ өзекті тақырыптар бойынша тренингтер мен семинарлар ұйымдастырып, басқа да педагогтерге ресурстық қолдау көрсетеді.
Бүгінгі таңда өңірлерде 155 құзыреттілік орталық жұмыс істейді, оның ішінде қалалық жерлерде 86, ауылдық жерлерде 69 орталық құрылған.
Білім күні қарсаңында елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды. Жеңімпаздарға 3 млн. 692 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі
Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатыса алады
Конкурс үш кезеңнен тұрады:
1 кезең – аудандық, қалалық деңгей (8-21 тамыз)
2 кезең – облыстық деңгей (22 тамыз- 10 қыркүйек);
3 кезең – республикалық деңгей (11 қыркүйек – 18 қазан).
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған педагогтер республикалық деңгейге өтеді. Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау uzdikustaz-nobd.edu.kz веб-порталында жүзеге асырылады.
«Үздік педагог» Республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау. Сондықтан маңызы зор. Осы уақытқа дейін 700-ге жуық жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған мықтылар анықталды.«Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Бұл - балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері. Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі барлық балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін оқытуға тең қолжетімділік мүмкіндіктерін кеңейту бойынша бірқатар шаралар қабылдады.
Жаңа ережелерге сәйкес білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі іске асырылатын болады.
Бірінші деңгейде сынып жетекшілері мен мұғалімдер балаға сыныпта немесе топта сабақ кезінде қолдау көрсетеді. Екінші деңгей психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандарын, оның ішінде педагог-психологтарды, әлеуметтік педагогтерді, арнайы педагогтер мен педагог-ассистенттерді тартуды көздейді. Қажет болған жағдайда үшінші деңгейде сурдопедагогтер, тифлопедагогтер және басқа да сарапшылар, бейінді мамандар қосылатын болады.
«Бұл шаралар оқуда қиындықтары бар барлық балалар үшін білім беру қызметінің сапасын жақсартуға бағытталған. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделінің арқасында балалар өздерінің қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктеріне барынша сәйкестендірілген қолдау алады», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.
Бұл шаралар әрбір бала үшін өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін инклюзивті білім беру ортасын қалыптастырады.
Гонконгтегі FIRST Asia Championship халықаралық чемпионаты аяқталды. Оған 45 ел мен 210 команда қатысты.
Елімізді LEAS мектебінің Aldebara Алматы командасының өкілдері Аркен Амангелді, Ескендір Гильмундинов, Арлан Жақсыбергенов, Марк Ульянов, Мартин Васильев, Сабина Абылай таныстырды. Жаттықтырушылары – Рамина Сабирова және Балғын Исақожа.
Оқушылар ғылыми жобасын өнердегі жаңашылдық тақырыбы бойынша ұсынды. Жоба музейлер, көрмелер мен инсталляцияларда ыңғайлы және қарапайым қозғалысқа арналған шынайы көрініс беретін қосымша мүмкіндігі бар навигатор ретінде таныстырылды. Қазақстандық инженерлердің жобасы халықаралық қазылар алқасының оң бағасына ие болып, беделді Team Model Award сыйлығын алып келді.
Естеріңізге сала кетейік, команда халықаралық чемпионатқа Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қоры мен «Дарын» РҒПО ұйымдастырған Central Asia FIRST Championship Орталық Азия чемпионатында жолдама алды.
В этом году в стране впервые введен институт регионального уполномоченного по правам ребенка в рамках Закона по вопросам обеспечения прав женщин и безопасности детей. Сегодня в 20 регионах страны официально назначены уполномоченные, которые будут заниматься защитой прав детей в каждом городе и области.
В обязанности уполномоченных по правам ребенка в регионах входит рассмотрение жалоб на нарушения прав и законных интересов детей, а также на действия или бездействие местных исполнительных органов и других организаций, помощь в восстановлении этих прав, посещение организации образования, здравоохранения и социальной защиты, а также доступ к документам государственных и общественных институтов, занимающихся правами детей.
«Мы уверены, что благодаря региональным уполномоченным каждый ребенок в стране получит надежную защиту. Эти независимые и общественно активные люди будут работать на благо детей, дополняя усилия государственных органов, что позволит более эффективно реагировать на нарушения прав и своевременно предотвращать их. Данная деятельность станет важным шагом к созданию справедливого и безопасного общества, улучшая качество жизни, безопасность и благополучие наших детей», — отметила председатель Комитета по охране прав детей МП РК Насымжан Оспанова.
Напоминаем, что по всем актуальным вопросам охраны прав детей вы можете обратиться по вышеуказанным номерам для каждого региона либо написать в direct 📥 Instagram!
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес студенттердің шәкіртақысы жоспарлы түрде өсірілуде. Өткен жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға өскен болатын, ал биылғы қыркүйекте енді 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы тағы 50%-ға артады.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік тапсырыс көлемі де жыл сайын өсуде. Бүгінгі күні 145 мың грант бөлінген болса, оның 65%-ы техникалық мамандықтарға бағытталған.
Колледждердің материалдық-техникалық базасы да қарқынды түрде жаңаруда. 2024 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша 104 колледждің білім беру инфрақұрылымы жақсартылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен екі есеге жоғары.
Сондай-ақ, 2103 орынға арналған 8 жатақхананың құрылысы жүруде.
Атап өтейік, бүгінде Павлодар және Түркістан облыстарында жалпы саны 259 орындық екі жатақхана пайдалануға берілді.
Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жақсарту және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.
Бүгінде Қазақстанда 7859 мектеп бар, онда 3,9 млн бала білім алады. Үшауысымды мектептер мен оқушы орнының жетіспеушілігін жою мақсатында биылғы жылы 302 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. Осы тамыз айында жаңа оқу жылы басталғанға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша алғашқы 20 нысан пайдалануға беріледі.
Балаларға жайлы орта қалыптастыру мақсатында 280 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жүргізілуде. Су тасқыны салдарынан зардап шеккен нысандар қайта қалпына келтірілуде.
Сонымен қатар 1731 мектепке Starlink жерсеріктік интернеті қондырылды, ал шекара маңындағы 137 мектепте терминалдарды жандандыру жұмыстары жүргізілуде.
«Мемлекеттің басым міндеті балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау болып қала береді. Өртке қарсы және терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дабыл түймесінің, бейнебақылау жүйесінің, турникеттердің және лицензияланған күзеттің міндетті болуы жөніндегі талаптар күшейтілді. Алғашқы рет білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен барынша жарақтандыру қамтамасыз етілді», - деп атап өтті министр.
Заманауи 1000 пәндік кабинетпен жарақтандыру, 1000 ауыл мектебін 7 бағыт бойынша жаңғырту бойынша жобалар жүзеге асырылуда.
Атап өту керек, биылғы жылы робототехника, химия, биология, физика және STEM-зертхана бойынша 1383 кабинет сатып алу жоспарланған.
Үкімет отырысында ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2024-2025 оқу жылына дайындық барысы туралы баяндады.
Жаңа оқу жылында барлығы 7,9 мың білім беру ұйымында 3,9 млн оқушы үшін сабақ басталады, оның ішінде 360 мың бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды.
Бүгінгі таңда мектептердің 90% оқулықпен қамтылды.
Сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы оқушыларды қолдау шаралары да жалғасуда. Балаларды оқу құралдарымен және қажетті тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында Жалпыға бірдей білім беру қоры аясында 22,6 млрд теңге қаражат бөлінді. Ол 510 мың баланы мектепке дайындықпен қамтуға жұмсалады.
Сонымен қатар 1 қыркүйектен бастап 1,7 млн қазақстандық оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады. Олардың қатарында 1-4 сынып оқушылары және әлеуметтік осал топ санатындағы отбасы балалары бар.
Наталья Жұмаділдаева Атырау облысына жұмыс сапарымен барды. Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Мемлекет басшысының тапсырмаларының жергілікті жерлерде жүзеге асырылуымен, сондай-ақ білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығымен танысу мақсатында бірқатар білім беру ұйымдарында болды.
Атырау облысында төрт жаңа білім беру нысаны салынуда, оның екеуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында іске асырылуда. Samruk Kazyna Construction мәлімдеген жоспар бойынша биылғы жылдың қыркүйек айында «Береке» шағын ауданында 1200 орындық мектеп ашылады. Оның ашылуы қаланың бала саны көп аудандарының бірінде жүктемені азайтуға ықпал етеді.
Атырау қаласының №4 және №27 мектептерінде оқу ғимараттарын жаңарту және инфрақұрылымды жақсарту бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыс бойынша барлығы 12 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде.
Жобалардың іске асырылу барысымен танысқан бірінші вице-министр оқу процесін дер уақытында ұйымдастыру және педагогикалық кадрлар құрамын тиімді қалыптастыру, оның ішінде «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Наталья Жұмаділдаева APEC PetroTechnic жоғары колледжінде болып, оқу бағдарламасымен, білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасының жабдықталуымен танысты. Бүгінде аталған білім беру ұйымында 1300 студент білім алады, олардың 65%-ы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында оқуда.
Сондай-ақ бірінші вице-министр өндірістен тартылатын кадрларды іріктеу және орналастыру, жергілікті кәсіпорындармен өзара ынтымақтастық құру, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы іске асыру жөніндегі жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.