Меню
Страницы
Комитеттер
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Министрлік туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Бөлім туралы
Все материалы
Инклюзивті және арнайы білім беру
25 июля 2025
КҮН САНЫ

Қазақстанда 508 арнайы білім беру ұйымы бар

Подводка: 2025 жылдың басынан бері елімізде тағы төрт арнайы білім беру ұйымы ашылып, олардың жалпы саны 508-ге жетті.
Олардың қатарында 110 ПМПК, 230 ППТК, 99 арнайы мектеп, 45 арнайы балабақша, 13 оңалту орталығы, 11 аутизм орталығы бар.

Инфрақұрылымды дамыту
24 июля 2025
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы оқушы орындарының тапшылығын, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге бағытталған.

Екі жылда 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектеп салынуда.

Мектепке дейінгі білім
24 июля 2025
90 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа баратын балаларға арналған мектепалды даярлықтан өтеді – елде «Балақайлар мектебі» бағдарламасы жүзеге асырылуда

Жазғы каникул кезінде бірінші сынып алдында балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін қысқармерзімді «Балақайлар мектебі» бағдарламасы ұйымдастырылды. Бұл бастама елімізде осымен екінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді - деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Бағдарлама мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына сәйкес әзірленген және мектепке дейінгі білім мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді. Ол балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының барлық бағыттары бойынша мектепке дайындауға мүмкіндік береді.

Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартына сәйкес әзірленді. Ол мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді, балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының барлық бағыттары бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді.

«Жаз маусымының екі айында қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстары шамамен 25 мыңға жуық баланы қамтыды. Оқыту мерзімі бір айға есептелген. Сабақтар күн сайын 30 минуттан, 10 минуттық үзілістермен өтеді. Балаларға бастауыш сыныптың білікті мұғалімдері немесе мектепалды даярлық педагогтері сабақ береді. Әсіресе, балалардың физикалық, коммуникативтік, зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ мектепке деген оң көзқарас қалыптастыруға баса назар аударылады», – деді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Тамыз айында шамамен тағы да 5,3 мың топ құрып, 65,2 мың баланы қамту жоспарлануда. Осылайша, биылғы жазда қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстарымен 90 мыңға жуық бала қамтылады.

Айта кетейік, «Балақайлар мектебі» бағдарламасын ұйымдастыру – осыған дейін балабақшаға бармаған балалар үшін мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

23 июля 2025
Жұмысшы мамандықтар жылы: колледждермен дуальды форматта әріптестік орнатқан кәсіпорындар саны екі есеге артты

Щучинск қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған Республикалық слет басталды. Мұнда еліміздің барлық өңірлерінен келген 100-ден астам белсенді және болашағынан зор үміт күттіретін жас мамандар өз дағдыларын шыңдап, келешекке шабыт алу үшін жиналды. Іс-шараның ашылуына Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев слет қатысушыларына сәттілік тілей отырып, жұмысшы мамандықтарының ел дамуына қосар үлесінің ерекше екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл — тек бір салаға маман дайындау емес, ел экономикасының тірегі саналатын мамандықтардың маңызын қайта бағалау. Бірнеше жылдар бойы жұмысшы мамандықтарына деген көзқарас біржақты стереотиптер арқылы қалыптасты. Алайда, бүгінгі күні жағдай өзгерді. Жұмысшы — бұл заманауи технологияны меңгерген, еңбек нарығында сұранысқа ие білікті маман. Біз мемлекет ретінде еңбекке лайықты құрмет көрсету үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз. Себебі жұмысшы мамандарсыз индустриялық даму, өндірісті жаңғырту мен экономикалық тұрақтылық мүмкін емес. Бұл өзгерістің нақ ортасында сіздер — жас мамандар тұрсыздар», – деді Ермек Көшербаев.

Жыл басынан бері 8 мыңнан астам кәсіби бағдар беруші педагог даярланды, жаңа оқу жылында 700-ден астам бейінді сынып ашылады, қазіргі таңда 352 сынып іске қосылды. 1300 мектеп оқушысы жұмысшы мамандықтарының базалық дағдыларын меңгеріп үлгерді. Шефтік ететін кәсіпорындар саны 7 есе өсті, бүгінде 18 мың кәсіпорын студенттерді дуальды оқыту жүйесімен даярлауда. 185 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылатын болады, студенттердің жатақханамен қамтылуы 96%-ға жетеді.

«Бүгінде еңбек нарығында тек диплом ғана емес, нақты дағды маңызды. Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі жаңа деңгейге көтерілуде. Қытай, Франция, Түркия, Жапония, Ұлыбритания, Грузия және басқа да елдермен бірге 10 халықаралық жоба іске қосылуда. Колледждерді халықаралық сертификаттау алғаш рет қолға алынды. Енді біздің студенттер өз құзыреттерін жаһандық стандарттар бойынша дәлелдеп, шетелдік тағылымдамаларға, жұмысқа және жаһандық еңбек нарығына шығу мүмкіндігіне ие болады», — деді Ғани Бейсембаев.

Слетке қатысушылардың арасында — Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің 3-курс студенті Аяла Байболат бар. Ол мемлекеттік грантпен оқиды, ал оның колледжі интернационалдандыру жобасына алғашқылардың бірі болып енген.

«Президент жұмысшы мамандықтар жылын жариялағанда, біздің еңбегіміздің шынымен де маңызды екенін сезіндік. Қазіргі колледждер — бұл болашағы бар таңдау. Бізде заманауи шеберханалар ашылып жатыр, халықаралық тағылымдамалар ұйымдастырылуда, ең бастысы — нақты мүмкіндіктер бар. Бұл сенім мен қолдау үшін алғыс айтамын», — деді колледж студенті.

Слет 24 шілдеге дейін жалғасады. Үш күн бойы қатысушыларды мотивациялық кездесулер, шеберлік сабақтары, интерактивті білім блоктары, командалық тапсырмалар мен мазмұнды мәдени және спорттық бағдарлама күтіп тұр. Айта кетейік, елімізде 772 колледж бар, онда 550 мыңнан астам студент білім алады.

22 июля 2025
«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының 471 үміткері елдің үздік мектептерінде тағылымдамадан өтуде

2023 жылдан бастап елімізде Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісімен «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жаңа форматтағы басшыларды іріктеу және даярлау бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Жоба қазіргі заманғы тәсілдер мен басқару шешімдерін енгізуге дайын, білім саласындағы тиімді басқарушылар корпусын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл жобаны жүзеге асыру білім беру процесінің сапасын арттырып, жүйенің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, оның болашақта серпінді дамуына жол ашады.

Үміткерлерді іріктеу бес кезеңнен тұрады: 1-кезең – тестілеу, 2-кезең – оқыту, 3-кезең – елдің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, 4-кезең – қорытынды бағалау, 5-кезең – комиссиямен сұхбат.

Барлық кезеңдерден өткен үміткерлерге сертификат табысталып, соның негізде олар кадрлық резервке енгізіледі және әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетейік, екі жыл ішінде жаңа буыннан 583 көшбасшы даярланды. Биыл жобаға 2059 үміткер қатысып, олардың арасынан 471-і елдің үздік мектептерінде тағылымдамадан өтуде.

21 июля 2025
Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында кезектілік 44% азайды

Қазақстанда балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды арттыру жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа мектепке дейінгі ұйымдарды ашу жөніндегі 2023–2027 жылдарға арналған жоспар кезең-кезеңімен іске асырылуда - деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Алғашқы  жартыжылдықтың қорытындысы бойынша биыл елімізде 13,2 мың орынды қамтитын 172 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Бұл 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 93,1 пайызын мектепке дейінгі біліммен қамтуға мүмкіндік берді.

Мектепке дейінгі біліммен қамтуды арттыру құрылыс жүргізу, қолданыстағы балабақшаларды кеңейту, тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында шағын орталықтар ашу, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, оның ішінде «ақша балаға беріледі» қағидаты бойынша ваучерлік қаржыландыру есебінен жүзеге асырылуда.

Жаңа ваучерлік қаржыландыру тетігі еліміздің 19 қаласында және 7 ауданында іске асырылды. Ол арқылы 300 мыңға жуық бала мектепке дейінгі білімге қол жеткізді, ал кезек 44 пайызға қысқарды.

Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттер желісі кеңейді. Жыл басынан бері олардың саны 4,2 мыңнан 5,5 мыңға дейін артты.

Бұдан бөлек, 260 мемлекеттік балабақшада жөндеу жұмыстары жүргізілуде және олардың материалдық-техникалық базасы нығайтылуда.

Еске сала кетейік, бүгінде еліміздегі 11,8 мыңнан астам балабақшада 1 миллионнан астам бала тәрбиеленуде.

 

Орта білім
21 июля 2025
Қазақстан құрамасы биологиядан Халықаралық олимпиадаға аттанды
2025 жылғы 20-27 шілде аралығында Филиппиннің Кесон-Сити қаласында биологиядан Халықаралық олимпиада (International Biology Olympiad, IBO) өтеді. Аталған зияткерлік додада Қазақстанның дарынды оқушыларынан құралған ұлттық құрама ел намысын қорғайды.
 
Биологиядан халықаралық олимпиада — 15 жастан кіші емес және 21 жастан аспаған оқушыларға арналған жыл сайынғы ғылыми жарыс. Олимпиада барысында қатысушылар теориялық және практикалық турларда білімдерін сынайды. Байқау тапсырмалары жасуша биологиясы, молекулалық биология, өсімдіктер мен жануарлар анатомиясы және физиологиясы, этология, генетика, экология, эволюция, биосистематика сияқты негізгі ғылыми бағыттарды қамтиды.
 
Биылғы Қазақстан құрамасының құрамы:
•Батыр Ержанұлы – Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
•Айғаным Балташова – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
•Ерсұлтан Қайркен – Павлодар облысындағы дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
•Алихан Аширханов – Алматы қаласындағы дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы.
 
Құраманың ғылыми жетекшілері — Лейла Аскарова мен Илияс Сакимов. Олар 2024 жылы Қазақстанда өткен IBO-ның жоғары ғылыми деңгейде өтуіне тікелей атсалысып, ұйымдастырушы ғылыми топқа жетекшілік еткен жас ғалымдар.
 
Айта кетейік, Халықаралық биология олимпиадасы алғаш рет 1990 жылы Чехословакияда өткен. Қазақстан бұл олимпиадаға 1994 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт аралығында еліміздің оқушылары 2 алтын, 18 күміс, 52 қола медаль және 12 Құрмет грамотасын жеңіп алды.
 
IBO-ның басты мақсаты — оқушылардың биологияға деген қызығушылығын арттыру, дарынды жастарды қолдау және оларды ғылыми-зерттеу қызметіне ынталандыру. Олимпиада сонымен қатар студенттер, зерттеушілер мен жоғары оқу орындары арасында халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
Орта білім
19 июля 2025
IMO-2025: Қазақстандық оқушылар әлемдегі ең беделді математикалық олимпиадада алты медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы әлемдік деңгейдегі зияткерлік сайыстарда жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастыруда. Аустралияда өткен мектеп оқушыларына арналған ең беделді пәндік олимпиадалардың бірі — Математикадан халықаралық олимпиадада (International Mathematical Olympiad, IMO-2025) отандық оқушылар алты медаль жеңіп алды.

Биыл олимпиадаға 112 елден 650-ге жуық үздік жас математик қатысты. Қазақстан құрамасы тағы да үздіктер қатарынан көрініп, төрт күміс және екі қола медаль иеленді.

II орын — Мирон Юркевич, Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 12-сынып оқушысы;
II орын — Амирлан Аманжолов, Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 11-сынып оқушысы;
II орын — Марғұлан Шарел, Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;
II орын — Амир Сахипов, Алматы қаласындағы РФММ мектебінің 11-сынып оқушысы;
III орын — Ерасыл Алтынбек, Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 10-сынып оқушысы;
III орын — Ерқанат Кеншілік, Ақтөбе облысындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманың ғылыми жетекшілері — PhD докторы Асылбек Исахов пен халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Канат Сатылханов.

Оқушыларымызды, олардың ұстаздары мен ата-аналарын лайықты жеңісімен және олимпиадалық маусымның табысты жалғасуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Анықтама үшін: IMO олимпиадасы 1959 жылдан бері өткізіліп келеді және ол әлемдегі ең беделді жеті пәндік олимпиаданың қатарына кіреді (International Science Olympiads). Қазақстан бұл жарысқа 1993 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ұлттық құрама 16 алтын, 55 күміс, 81 қола медаль және 29 құрмет грамотасын жеңіп алған.

 

Техникалық және кәсіптік білім
18 июля 2025
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің республикалық слеті Ақмола облысында өтеді

21–23 шілде аралығында Ақмола облысындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының филиалында колледж студенттерінің республикалық слеті өтеді. Шараға еліміздің барлық өңірінен 100 жұмысшы мамандық өкілі қатысады.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылады. Слеттің мақсаты – жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, жастардың көшбасшылық әлеуеті мен кәсіби дағдыларын дамыту.

Слет тәжірибе алмасу, өзін-өзі таныту және білім, жұмыспен қамту саласындағы өзекті үрдістерді талқылау алаңына айналады. Қатысушылар қазіргі еңбек нарығының сын-қатерлерін талқылап, жұмысшы мамандықтар бойынша мансаптық өсу мүмкіндіктерімен танысады.

Слет бағдарламасына мотивациялық кездесулер, шеберлік сабақтар, тәжірибелік сессиялар мен командалық белсенділіктер кіреді. Әсіресе өзін-өзі таныта білу, сыни және креативті ойлау, топпен жұмыс жасау және қарқынды өзгеріп жатқан кәсіби ортаға бейімделу дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылады.

#жұмысшымамандықтаржылы #годрабочихпрофессий

Балалардың құқықтарын қорғау
18 июля 2025
Қазақстанда буллингке қарсы отандық «ДосболLIKE» бағдарламасының апробациясы аяқталды: буллинг деңгейі төмендеді

Еліміздің 9 өңірінде мектепте буллингтің алдын алуға және оны азайтуға бағытталған отандық «ДосболLIKE» бағдарламасының апробациясы сәтті аяқталды. Бағдарламаға еліміздегі 50 мектептен шамамен 70 мың оқушы мен 5,5 мыңнан астам педагог қатысты.

Бағдарламаны жүзеге асыру бірнеше кезеңнен тұрды: қазіргі ахуалды диагностикалау, мектепішілік буллингтің алдын алу жүйесін құру, педагогтерді оқыту және ата-аналарды тарту. Әрбір мектеп диагностиканың нәтижелеріне сүйене отырып, барлық қатысушылардың – оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналардың қатысуымен буллингке ден қоюдың өз моделін қалыптастырды.

Апробация қорытындысы бойынша оқушылар мен педагогтер арасында жүргізілген сауалнамалар мектеп ортасында айтарлықтай оң өзгерістер болғанын көрсетті. Атап айтқанда, 2025 жылы буллингке қатысушы агрессорлардың (буллерлердің) үлесі 2024 жылмен салыстырғанда 1,5%-ға төмендеді. Сонымен қатар, өздерін жәбірленуші сезінетін оқушылардың (виктимдердің) саны 5,4%-ға азайды. Бұған қоса, сенім арта алатын, сырын бөлісе алатын ересек тәлімгері бар балалардың саны үш есе өскен.

«Апробация барысында жүйелі тәсілдің және барлық тараптардың – оқушылардың, педагогтердің, ата-аналардың белсенді қатысуының тиімділігі дәлелденді. Біз тек жанжалдар санының азайғанын ғана емес, сонымен қатар мектеп қауымдастығы ішіндегі сенім мен қолдаудың артқанын көріп отырмыз. Бұл – қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастырудың басты шарты», – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, буллингке қарсы бағытталған «ДосболLIKE» бағдарламасы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық мектептер мен колледждерде енгізіле бастайды. Қазіргі уақытта оны ауқымды түрде іске асыру үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Социальные сети
Instagram
Facebook
Youtube
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты