Меню
Страницы
Комитеттер
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Министрлік туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Бөлім туралы
Все материалы
Қашықтықтан оқыту
11 сентября 2020

1 қыркүйек — Білім күні. Мектептерде Білім күніне және оқу жылының басталуына арналған онлайн линейкалар өтеді. Балалар мектепке келмейді, онлайн линейкаларға қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары арқылы қатысады.

Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал ескеріліп, балалар мен педагогтердің денсаулығын сақтау мақсатында мектепалды даярлық сыныптарында, 1-11 сыныптарда мектептерде қашықтан оқыту жүргізіледі.

Қашықтан оқыту дегеніміз — оқу процесінде мұғалім мен оқушының қашықтан өзара байланыс жасауы.

Қашықтан оқытуда қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары пайдаланылады: интернет-платформа, WhatsApp, компьютер, ноутбук, планшет.

Сонымен қатар ата-аналардың өтініштері негізінде мектепалды даярлық, 1-4 сынып оқушылары үшін санитарлық нормалар сақталып, кезекші сыныптар ашылады.

Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы жақсы елді мекендердегі мектептерде мектепалды даярлық, 1-11 сынып оқушылары қалыпты режимде оқытылады.

Санитарлық талаптар қатаң сақталады.

Егер ата-аналар балаларын мектепке жібермеуді ұйғарса, онда мектеп балаларды қашықтан оқытады.

Мектепалды даярлық сыныптары, 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша мектепте кезекші сынып ашылады.
Кезекші сыныпта 15 оқушыға дейін оқытылады. Әр кезекші сыныпқа бөлек мұғалім бекітіледі.

Арнайы мектеп-интернаттардағы ерекше білімді қажет ететін оқушылар ата-аналарының өтініші бойынша штаттық режимде оқи алады. Бұл ретте балалар интернатта тұрады және мектеп жабық режимде жұмыс жасайтын болады.


Онлайн TV-сабақтары

TV-сабақтар


Онлайн сабақ кестесі

Қыркүйектегі TV сабақтардың кестесі

Қазандағы TV сабақтардың кестесі

Қарашадағы TV сабақтардың кестесі

Желтоқсандағы TV сабақтардың кестесі

Қаңтардағы TV сабақтардың кестесі

Ақпандағы TV сабақтардың кестесі


Мектепке дейінгі білім беру

Шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдстырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

— Өтініш үлгісі (мектепке дейінгі ұйымдар үшін)


Орта білім беру

Шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар


Қосымша білім беру

Шектеу шаралары кезеңінде балаларға қосымша білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
05 сентября 2020

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ


Мақсаты

1. Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту.

2. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру.


Міндеттері

1. Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту.

2. Қалалық және ауылдық мектептердің, өңірлердің, оқу орындарының, білім алушылардың арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту.

3. Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету.

4. Үздік практикалар негізінде білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу.

5. Экономика қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес оқытудың, кәсіптік даярлықтың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.

6. Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету.

7. Білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру.

8. Білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесінің вертикалін енгізу.

9. Ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту.

10. Ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру.

11. Ғылыми әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру және әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануын қамтамасыз ету.


Нысаналы индикаторлар

Нысаналы индикаторлар

2020

2021

2022

2023

2024

2025

1.       

1-6 жас аралығындағы

3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен  % қамту.

81

 

100

81,7

 

100

82,6

 

100

83,5

 

100

84,6

 

100

85,3

 

100

2.       

PISA (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) халықаралық зерттеуіндегі 15 жастағы қазақстандық оқушылардың нәтижелері

 

 

PISA-2021: математика - 470,ғылым және жаратылыстану - 465, оқу - 440

 

 

PISA-2024: математика - 480, ғылым және жаратылыстану - 490, оқу - 450

3.       

Балалардың
әл-ауқаты индексі

 

 

0,70

0,71

0,72

0,73

4.       

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ТжКБ оқу орындарын бітіргеннен кейін бірінші жылы жұмысқа орналастырылған бітірушілердің үлесі  %

64

66

68

70

72

75

5.       

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ЖОО бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылған түлектердің үлесі  %

70

71

72

73

74

75

6.       

Ғылымға ЖІӨ-ден жұмсалатын шығыстардың үлесі %

0,13

0,15

0,2

0,35

0,49

1

7.       

Ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы (Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі)

80

78

74

70

66

63

8.       

Web of Science (Clarivate Analytics) және Scopus (Elsevier) платформасындағы ақпараттық ресурстардың деректері бойынша 2018 жылы
(4873 бірлік) жарияланымдардың жалпы санынан рейтингтік басылымдардағы қазақстандық жарияланымдардың өсімі %.

25,1

37,7

50,3

62,9

75,5

88


Нәтижелер көрсеткіштері

Нәтижелер көрсеткіштері


Қаржыландыру көлемі

Бағдарламаны іске асыруға 2020 - 2025 жылдары 11 578 млрд.теңге (республикалық бюджет - 9 565 млрд. теңге, жергілікті бюджет - 716 млрд. теңге, Дүниежүзілік банк - 13 млрд. теңге) көлемінде бюджет қаражаты бағытталатын болады., жеке инвестициялар - 1 284 млрд теңге), оның ішінде:

2020 - 1 161 млрд теңге

2021 - 1 336 млрд теңге

2022 - 1 708 млрд теңге

2023 - 2 311 млрд теңге

2024 - 2 383 млрд теңге

2025 - 2 679 млрд теңге

сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат.


Іс-шаралар жоспары

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары


Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы

СпраҚазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта іске асырылуы туралы ақпарат

Бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру болып табылады.

Барлығы 8 индикатор, 40 көрсеткіш, 204 іс-шара қарастырылған.

2020 жылы 6 нысаналы индикаторды, 35 көрсеткішті, 190
іс-шараны іске асыру көзделген.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысының 7.3.тармағына сәйкес мемлекеттік бағдарламаны іске асырылуына мониторинг жылына бір рет жүргізіледі және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.

Министрлік Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына тоқсан сайын аралық мониторинг жүргізеді.

Аралық ақпарат бойынша 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта 6 мақсатты индикатор, 35 көрсеткіш және 32 іс-шара (2-ші жартыжылдыққа 158 іс-шара) орындалуда.

Индикаторлар мен көрсеткіштердің нәтижесі ҰБДҚ нәтижелері, ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің ресми статистикасы, бағынысты ұйымдар мен мемлекеттік органдардың есептік ақпараты бойынша жыл соңында қолжетімді болады.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде педагог мәртебесін арттыру, педагогикалық білім беруді жаңғырту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты қысқарту, оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету, ТжКБ және жоғары білім беру сапасын арттыру, ғылыми әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру және т. б. бойынша жұмыстар жүргізілді.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтердің еңбекақысы 25% - ға артты% ()

("Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 11 қаулысы.). 

«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы аясында шаралар кешені қарастырылған, оның ішінде жалақыны екі есе арттыру, педагогикалық шеберлік, тәлімгерлік, магистр дәрежесі үшін жаңа қосымша төлемдер енгізу. Сынып жетекшілігі, дәптерлерді тексергені үшін үстемақы 2 есе ұлғайтылды.

Педагогтың жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидалары қабылданды (2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрық).

Педагог лауазымдарының тізбесі бекітілді (2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрық), педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына өзгерістер енгізілді (тәрбиешілерден бастап білім беру ұйымдарының басшыларына және басқа санаттарға дейін). Инклюзивті білім беруге 2020 жылдың қыркүйегінен бастап тьютор бірлігі енгізілуде.

Педагогтың білімі мен құзыреттілігін сапалы және объективті бағалауды қамтамасыз ету үшін педагогтарға кез келген ыңғайлы уақытта қатысуға мүмкіндік беретін ұлттық біліктілік тестілеуін тапсырудың электрондық форматы енгізілді.

Жас педагогтарды қолдау үшін орта білім беру ұйымдарында тәлімгерлік институты енгізілді (2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрық).

Педагогтарды қайта даярлаудың жаңа жүйесі енгізілуде, педагог мамандығына «шеттен» кіру қарастырылған.

Барлық педагогикалық ЖОО білім беру бағдарламаларын жаңартты. 16 педагогикалық ЖОО STEM-білім беру аясында робототехника зертханаларымен қамтамасыз етілген. Студенттерді практикаға бағдарланған және үздіксіз оқытуды, мектеп әдіскерлері мен педагогтарына ақы төлеуді есептеу әдістемесін, оқытудың инновациялық тәсілдерін және оқытудың қазіргі заманғы стратегияларын, пәндік-бағдарланған тілдік оқытуды (CLIL) және т. б. көздейтін кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу бойынша жаңа әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Білім беру бағдарламаларының педагогикалық топтарына үміткерлерді сапалы іріктеу мақсатында биылғы жылдан бастап «педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша өту балын 60-тан 70 балға дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Шағын жинақты мектептердің сапасын, теңдігі мен тиімділігін жақсарту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты қысқарту мақсатында нәтижелілігі төмен мектептерге мықты мектептердің "қамқорлығы" мәселесі пысықталды. "Тірек мектеп — ресурстық орталық", "Жетекші мектептер — магниттік мектептер", "табысты дамып келе жатқан мектеп — жұмыс істейтін мектеп"бағыттары бойынша стратегия анықталды.

Жұмыс "әлсіз" мектептер басшыларының "күшті" мектептердегі тағылымдамаларын енгізу, Қалалық білім бөлімдерінің ауыл мектептеріне қамқорлығы, әртүрлі аудандар/қалалар шеңберінде "әлсіз" 10-11 сыныптарға "күшті" жетекшілік етуі (бұл бірлескен шығармашылық қызметке, онлайн сабақтар арқылы өзара сабаққа қатысуға, оқушылармен алмасуға ықпал ететін болады), "әлсіз" мектептердегі (облыс, аудан/қала, жол беріледі және республика шегінде) мықты педагогтарды оқушы жобаларына басшылық ету арқылы күшейтілетін болады.

Ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау бойынша Жол картасы іске асырылуда. ЖАО-мен бірлесіп, республиканың 10 өңірінде дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орталықтар ашылды (2020 жылдың соңына дейін тағы 7 өңірде ашылатын болады).

ҚР БҒМ Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ауыл мектептеріндегі педагогтарға, ата-аналарға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға мобильді консультациялық-әдістемелік көмек көрсету бойынша ұсыныстар әзірледі. Ауыл жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық-түзету кабинеттерінің басшылары үшін консультациялар өткізілді.

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы «үй тәрбиешілері институтын енгізу (әлеуметтік күтушілер), оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың штаттық кестелерінде» әдістемелік ұсынымдарын әзірледі.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2 512 немесе 89,1% балабақша, 5 811 немесе 83,3% мектеп бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған, оның ішінде 2020 жылдың бірінші тоқсанында – 12 ДО және 65 мектеп.

ЖАО-мен бірлесіп 2020 жылдың соңына дейін білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен, жылы дәретханалармен қамтамасыз ету кестесі жасалды.

Ы.Алтынсарин атындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен 2020 жылғы 26 наурызда Республикалық пән мұғалімдерінің қауымдастығы құрылды.

Орта білім беру деңгейі бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындаудың, сынақтан өткізудің, мониторингтің, басып шығарудың жаңа жүйесі әзірленді.

Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялауды енгізу мәселесі пысықталды.

Министрлік «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» жоба әзірледі. Бұл жобалық қуаты 1200 орыннан асатын жалпы білім беретін мектептерді салу процесін жеделдетуге бағытталған шара.

Дуальді оқытуға қатысу үшін кәсіпорындарды ынталандыру мақсатында МЖМБС-да өндірістік практикаға арналған сағат көлемін есептеу көзделген (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 бұйрық).

Сондай-ақ келесі НҚА-ға өзгерістер енгізілуде:

- БҒМ-нің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына, Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне кәсіпорындардың оқу және еңбек шығыстарын норматив шегінде өтемақылық төлемін есептеу қосылады;

- БҒМ-нің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына, білім беру ұйымдары оқуға және еңбекке жұмсалған қаржыны кәсіпорынға аудара алуы үшін Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларында кәсіпорынның оқу және еңбек шығыстарын өтемақылық төлеу тетігі қарастырылады.

- БҒМ-нің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына: мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты қызметтер тізбесіне дуальді оқытуға қатысатын кәсіпорындарға қаржы қаражаты жіберілуі үшін кәсіпорындарға бір көзден төлем жасау бойынша өзгерістер енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы
30 сәуірдегі № 62-ө өкімімен WorldSkills Kazakhstan қамқоршылық кеңесі құрылды.

«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізілді (ҚР БҒМ 2020 жылғы 5 маусымдағы № 230 бұйрығы).

НҚА жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді, атап айтқанда, ҰБТ өткізу қағидаларына электрондық форматта өткізу бөлігінде, сондай-ақ жаңартылған мазмұн шеңберінде ҰБТ тест тапсырмаларына өзгерістер енгізілді.

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы
8 маусымдағы № 237 бұйрығы.

Өзгерістерге сәйкес халықаралық стандартталған сертификаттардың балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласына сәйкес білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ЖОО – ға ақылы бөлімге қабылдау бойынша SAT (ЭсЭйТи-САТ), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар адамдар үшін норма көзделеді.

2020 жылдан бастап гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарын жыл сайын өткізу жоспарлануда. Ғылыми мектептерді сақтау, ғылыми қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, ғалымдардың жаңа генерациясын қалыптастыру мақсатында «жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер» кіші бағыты жеке басым бағытқа бөлінген (ҚР ҮҚ 2020 жылғы 12 мамырдағы
№ 290).

2020 жылғы 11 мамырдан 26 маусымға дейін 2020-2022 жылдарға арналған жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу үшін өтінімдер электрондық түрде қабылданады.

Ғылымның нәтижелілігін арттыру мақсатында ғылыми жетекшілерге және ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың күтілетін нәтижелеріне қойылатын талаптар арттырылды.

Мүдделі бизнес-әріптестер тарапынан қолданбалы ғылыми зерттеулерді бірлесіп қаржыландыру үшін 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 «ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, қолданбалы зерттеулер бойынша грант алуға үміткер қатысушы жобаны қажетті ресурстармен, соның ішінде қаражатпен де ішінара қамтамасыз етеді. Оған ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының қорғаныс, атом энергиясын пайдалану, қоғамдық, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы жобалар жатпайды.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 15 шілдедегі тапсырмасын іске асыру мақсатында БҒМ мемлекеттік органдармен бірлесіп 2020-2022 жылдарға арналған «ғылыми қоғамдастықпен бірлесіп, жеке сектордан ғылымға инвестиция тартуға және жалпы ғылымды дамытуға кедергі келтіретін барлық кедергілерге талдау жүргізу, оларды жою жолдарын әзірлеу» деген 3.3.27-тармағын іске асыру бойынша Жол картасы әзірленді.

Жасалған меморандумдар мен келісімдер негізінде қазақстандық ғалымдар халықаралық ұжымдарға қатысады және шетелдік ірі зертханалық кешендерде жұмыс жүргізеді: Л.В. Гумилев атындағы ЕҰУ -19, ҚазҰУ Әл-Фараби – 46, биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты-3, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ – 40, Х. Дулати атындағы ТарМУ -3, математика және математикалық модельдеу институты-3.

2020 жылғы 16 наурыздағы № 52 Web of science (Clarivate Analytics) және 2020 жылғы 18 наурыздағы № 54 Scopus (Elsevier) реферативтік базаларына, сондай-ақ 2020 жылғы 18 наурыздағы № 53 Science Direct (Elsevier) толық мәтінді деректер базасына шарттар жасалды. Деректер базасы 251 ұйымға қолжетімді.

Сонымен қатар, www.nauka.kz порталында Қазақстан Республикасында қорғалған диссертацияларға және ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есептерге реферативті форматта қол жетімділік ұсынылған.

«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
04 сентября 2020

«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде  білім беру  ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік  ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                   2020 жылғы 13 тамыздағы345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде қосымша білім беру ұйымдарының оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті (М.Т.Мелдебекова), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж.Оспанова), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ә.Ж.Тойбаев) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары басшыларының назарына жеткізсін.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары осы бұйрықтан және қоса беріліп отырған Әдістемелік ұсынымдардан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
  3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары осы бұйрықты аудандық және қалалық білім бөлімінің назарына жеткізсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрлеріне жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрі                                            А. Аймағамбетов

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы « 3 » сентября № 381 бұйрығына 1- қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «13» тамыздағы № 345 бұйрығына 2-қосымша

 

Цифрландыру
Қашықтықтан оқыту платформалары
27 августа 2020
Платформалардың атауы Сілтеме ПРЕЗЕНТАЦИЯ
1 Kundelik https://portal.kundelik.kz/ Kundelik
2 Platonus https://platonus.kz/ Platonus
3 Daryn.online https://daryn.online/ DARYN_ONLINE
4 BilimLand

https://bilimland.kz/

OnlineMektep.org + BilimLand + NIS
5 Универ 2.0 https://univer.kaznu.kz/ Univer 2.0
6 BilimAl https://cit-orleu.kz/ Білімал
7 MektepEdu https://mektep.edu.kz/ EDUS Mektep_DL
8 Diadem E-Learning https://diadem.kz/ DIADEM E-Learning
FluentClass https://fluentme.kz/ FluentClass
10 Vicon https://vicon.kz/ Vicon
11 Bilgen academy https://bilgen.academy/ БИЛГЕ МЕКТЕБИ
12 e-learn!kz https://e-learn.kz/ e-learn!kz
13 Live.edu https://live03.edu.org.kz/ EDU.org.kz
«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
20 августа 2020

«Коронавирустық инфекцияның

таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде  білім беру

ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакциядағы 5-абзацпен толықтырылсын:

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде қосымша білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (5-қосымша).

Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде қосымша білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
5-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті (Мелдебекова М.Т.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Оспанова Н.Ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Тойбаев Ә.Ж.) осы бұйрықты Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың білім басқармалары басшыларының, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдардың ректорларының назарына жеткізсін.
  2. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың білім басқармаларының басшылары осы бұйрықты аудандық және қалалық білім бөлімдерінің назарына жеткізсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрлеріне жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Министр                                                                         А. Аймағамбетов

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы  «19» тамызда № 356 бұйрығына қосымша

 

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
14 августа 2020

Коронавирустық инфекцияның

таралуына байланысты шектеу

шаралары кезеңінде  білім беру

ұйымдарында оқу процесін

іске асыру жөніндегі әдістемелік

 ұсынымдарды бекіту туралы

 

          Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – коронавирустық инфекция) таралуының алдын алу үшін, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік дәрігерінің шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қоса берілген:

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін іске асыру жөніндегі  әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі   әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

 Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі  әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

 Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде  жоғары оқу орындарының оқу үдерісін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті (Мелдебекова М.Т.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Оспанова Н.Ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Тойбаев Ә.Ж.) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ректорларының назарына жеткізсін.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары осы бұйрықтан және қоса беріліп отырған әдістемелік ұсынымдардан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
  3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары осы бұйрықты аудандық және қалалық білім бөлімінің назарына жеткізсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрлеріне жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Министр                                                                         А. Аймағамбетов

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы  «13» тамыздағы № 345 бұйрығына 1-қосымша



Жұмыс уақыты
26 июня 2020

Жұмыс уaқыты - бұл жұмысшының жұмыс берушінің актілеріне және еңбек келісім-шартына сәйкес қызметтік міндеттерін атқаратын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіндегі жұмыс уақытына қатысты басқа да уақыт кезеңі 

Жұмыс уақытының ұзақтығы: 

  1. қалыпты (аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс);

  2. артылған;

  3. толық емес.

Жұмыс уақытына мыналар жатады: 

  1. дайындық-қорытынды жұмысы (наряд-тапсырма, материалдар, құралдар алу, техникамен, құжаттамамен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау, дайын өнімді тапсыру және басқалар) уақытының кезеңдері, еңбек технологиясында, еңбекті ұйымдастыруда; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қағидаларында көзделген үзілістер;

  2. жұмыскер өзінің уақытына еркін иелік ете алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты;

  3. мереке және демалыс күндеріндегі кезекшіліктер; үйдегі кезекшілік, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес басқа да кезеңдер

 Жұмыс уақытын қысқарту төмендегі тұлғалар үшін бекітіледі: 

  1. он сегіз жасқа жетпеген жұмысшылар: 

  • он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 24 сағаттан аспайтын;

  • он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын.

  1. ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайындағы қызметкерлерге - аптасына 36 сағаттан аспайтын;

  2. бірінші және екінші топтағы мүгедектерге - аптасына 36 сағаттан аспайтын.

 Толық емес жұмыс уақыты: 

  1. толық емес жұмыс күні;

  2. толық емес жұмыс аптасы;

  3. күнделікті жұмыс уақытының нормасын бір мезгілде азайту (жұмыс ауысымы) және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерін қысқарту.

Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу жұмыскер үшін Еңбек Кодексте, еңбек, ұжымдық шарттарда, келісімдерде белгіленген жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығын, еңбек өтілін есептеуде және еңбек саласындағы басқа да құқықтарын шектеуге әкеп соқтырмайды.

Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-ананың біреуінің (бала асырап алушының), сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесіне күтімді жүзеге асыратын жұмыскердің жазбаша өтініші бойынша оларға толық емес жұмыс уақыты режимін белгілеуге міндетті.

Жұмыс аптасының түрлері:

  1. Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы;

  2. Бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасы. 

Күнделікті жұмыс уақыты (жұмыс ауысымы): 

  1. Еңбек Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, күнделікті жұмыстың ұзақтығы 8 сағаттан аспайды.

  2. Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты еңбек тәртіптемесі қағидаларында, еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленген талаптар сақтала отырып айқындалады.

  3. Өнер және мәдени саланың кәсіби ұйымның шығармашылықпен айналысатын қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне, спортсмендер, жаттықтырушыларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, жұмыс берушінің актілерімен, ұжымдық және еңбек келісім-шарттарға сәйкес басқа жұмыс уақыты бекітіледі

Түнгі уақыт сағат 22.00 - 06.00 аралығы болып саналады.

Түнгі уақыттағы жұмысқа: 

  • он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер; 

  • жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер жіберілмейді.

Үстеме жұмыстар:

  1. әрбір жұмысшы үшін тәулігіне екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, қауіпті (аса қауіпті) және зиянды жұмыстарды атқаратын қызметкерлерге тәулігіне бір сағаттан аспауы тиіс;

  2. айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауы тиіс;

Үстеме жұмысқа жұмылдыру тек жұмысшынының жазбаша келісуі арқылы, басқа жағдайда Еңбек Кодексі бойынша жүзеге асырылады.

Жұмысшының келісімінсіз үстеме жұмыс мына жағдайда беріледі:

  1. елдің қорғанысына қажетті жұмыстарды өндіруде, сонымен қатар төтенше жағдайлар, табиғи апаттар мен өндірістік апаттардың алдын алуға немесе оларды жоюға байланысты жұмыстар кезінде;

  2. суқұбырлары, газқұбырлары, жылуқұбырлары, энергияқұбырлары мен басқа да жүйелердің қалыпты қызметін бұзатын басқа жағдайларға жол бермеу;

  3. ауысымдағы қызметкер келмеген жағдайда, егер жұмыс міндетті түрде адам ауыстыру арқылы үзіліссіз жүруді талап етсе жұмысты жалғастыу кезінде.

 Үстеме жұмысқа мыналар жатпайды:

  1. жүкті әйелдер;

  2. он сегіз жасқа толмаған қызметкер;

  3. мүгедектер.

Жұмыс уақытына мыналар кіреді:

Жұмыскер жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақыт есепке алынуға тиіс. Бұл ретте үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндеріндегі жұмыстар, іссапар күндері бөлек есепке алынады.

Жұмыскердің жұмыс уақытына жұмыстарды жұмыс орнынан тыс жерлерде орындаған не олардың орындалуын жұмыс беруші нақты уақытпен тіркей алмайтын кезеңдер қосылатын жағдайларда, бұл кезеңдер жұмыс уақытын есепке алу құжаттарында еңбек шартында белгіленген жұмыстар көлемін орындау ретінде белгіленеді.

Білім
14 июня 2020

Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту

Жоғары біліммен жалпы қамту (18-22 жас)

Жоғары оқу орындарының саны

Орта біліммен жалпы қамту (11-17 жас)

Бастауыш жалпы біліммен қамту (7-10 жас)

Білім беру ұйымдары қызметтерінің көлемі

 

«Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымдық орнына конкурс
22 мая 2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіре-беріс, «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28, 3-кіре-беріс, 4-офис.

Қызметінің негізгі мәні .....болып табылады.

Қызметінің мақсаты ...... болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын тараптар: біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы, мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

  • қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме (қағаз нұсқасы фотосуретпен қоса)
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  • денсаулық жағдайы туралы анықтама (№ 086-нысан бойынша).
  • жеке куәлігінің көшірмесі;
  • қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

Конкурсқа қатысу үшін өтініш пен құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап  күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Персоналды басқару қызметіне (811-каб.) тапсыру қажет, телефон:                                  8 (7172) 74-24-23.

 

Іске асыру мерзімі 12 ай 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру
05 мая 2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі  - ҚР БҒМ) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары («Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер); Энергетика және машина жасау; Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрастырмалар; Өмір және денсаулық туралы ғылым; Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар; Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер; Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі; Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс) және мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.   

Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында: (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu) және Ғылым комитеті сайтында: (https://www.gov.kz/memleket/entities/sc) орналастырылған. Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға жауапты тұлға – Қойшығұлова Лаура, тел. 8 (7172) 74-24-68, 74-20-29, 74-19-04, қаржылық сұрақтар бойынша – Шаймағамбетов Еркін,  тел. 8 (7172) 74-16-53, 74-20-29, 74-24-68, келісім-шарт жобасы бойынша – Можанова Альбина, тел. 8 (7172) 74-24-67. Call center – 1450. Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Жоба жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы –  2020 жылғы 11 мамырдан бастап.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2020 жылғы 26 маусым (қоса алғанда).

 

2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттамасы

 

Социальные сети
Instagram
Facebook
Youtube
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты