Меню
Страницы
Комитеттер
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Министрлік туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Бөлім туралы
Все материалы
Халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық ынтымақтастық
28 июля 2025

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті және қосымша білім беру, сондай-ақ бала құқықтарын қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларында халықаралық ынтымақтастықты дамытады.

Негізгі бағыттар:

  • халықаралық шарттар мен келісімдерді іске асыру;

  • халықаралық ұйымдармен және әріптес елдермен өзара іс-қимыл жасау;

  • халықаралық жобаларға, бастамаларға және форумдарға қатысу;

  • білім беру ұйымдарының халықаралық ынтымақтастығын үйлестіру;

  • стратегиялық әріптестікті дамыту және тәжірибе алмасу.

Халықаралық ынтымақтастықтың мақсаты – озық тәжірибелерді енгізу, білім беру сапасын арттыру, адами капиталды дамыту және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу.

Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру
Тәрбие жұмысы және қосымша білім
28 июля 2025

Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру – Оқу-ағарту министрлігінің басты басымдықтарының бірі. Аталған бағыт аясында өскелең ұрпақтың ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген дүниетанымын, азаматтық белсенділігін, отансүйгіштік сезімін, жауапкершілігін қалыптастыруға баса мән беріледі.

Министрлік тарапынан келесі негізгі міндеттер жүзеге асырылады:

  • білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының сапасын арттыру және бірыңғай тәрбие тұжырымдамасын енгізу;

  • балалар мен жасөспірімдер арасында азаматтық, рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беру жүйесін жетілдіру;

  • қосымша білім беру ұйымдарының желісін кеңейту және балалардың шығармашылық, зияткерлік, техникалық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау;

  • оқушылардың өзін-өзі басқару, дебаттық қозғалыс, волонтерлік, жасөспірімдер ұйымдары арқылы белсенділік танытуына қолдау көрсету;

  • кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, буллинг пен девиантты мінез-құлықтың алдын алу шараларын үйлестіру;

  • балалардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру, инклюзивті демалыс мүмкіндіктерін кеңейту;

  • халықаралық ынтымақтастық пен тәрбие жұмысының үздік тәжірибелерін енгізу.

Бұл жұмыстар білім алушылардың жан-жақты дамуына, елжанды әрі жауапты азамат болып қалыптасуына бағытталған.

Балалардың құқықтарын қорғау
Балалардың құқықтарын қорғау
28 июля 2025

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Министрліктің негізгі мақсаты – әрбір баланың амандығын қамтамасыз ету, қауіпсіз, инклюзивті және қолдаушы білім беру ортасын құру, сондай-ақ кемсітудің, зорлық-зомбылық пен немқұрайлылықтың кез келген түрінің алдын алу.

Министрлік қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:

  • балалардың білім алуға, қауіпсіздікке, зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастан қорғауға деген құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;

  • кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, буллинг пен девиантты мінез-құлықтың алдын алу;

  • мектептік өзін-өзі басқару институттарын, мектеп омбудсменін және балалар қоғамдық бірлестіктерін дамыту;

  • оқушылар, ата-аналар мен педагогтер арасында бала құқықтары мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру;

  • балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік органдармен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

Техникалық және кәсіптік білім
Техникалық және кәсіптік білім беру
28 июля 2025

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру – Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Аталған салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жауапты орган ретінде қатысады.

Министрлік азаматтардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға, олардың кәсіби қалыптасуы мен дамуына ықпал етуге бағытталған келесі міндеттерді іске асырады:

  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

  • ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған сапалы білім беру үшін қажетті жағдайлар жасау;

  • техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім беру мазмұны мен оқу үдерісін ұйымдастыруда заманауи технологияларды енгізу;

  • экономиканың салалары мен қоғам қажеттіліктеріне сәйкес сұранысқа ие техникалық және қызмет көрсету мамандықтары бойынша білікті кадрларды даярлауға құқықтық негіз қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, олардың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру және тиімділігін бағалау мақсатында тұрақты мониторинг жүргізу;

  • Жастар корпусын дамыту жобасын іске асыру және оны үйлестіру жұмыстарын жүргізу;

  • студенттер арасында рухани-адамгершілік, патриоттық, экологиялық тәрбиені насихаттау, белсенді азаматтық ұстаным, парасаттылық пен салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында іс-шаралар ұйымдастыру.

Орта білім
Орта білім беру
28 июля 2025

Қазақстан Республикасында орта білім беру міндетті болып табылады және үш деңгейден тұрады: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру. Орта білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру Оқу-ағарту министрлігінің құзыретіне кіреді. Министрлік сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, білім беру процесін ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен озық тәжірибе негізінде ұйымдастырады.

Министрліктің орта білім беру саласындағы негізгі функциялары:

  • мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларды әзірлеу;

  • оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;

  • оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;

  • білім алушылардың білімін бағалау жүйесін дамыту және аттестацияларды өткізу;

  • халықаралық және республикалық білім беру бағдарламалары мен олимпиадаларды жүзеге асыру;

  • педагогтердің біліктілігін арттыру және педагогикалық қызметтің стандарттарын әзірлеу;

  • білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету.

Инфрақұрылымды дамыту
Инфрақұрылымды дамыту
28 июля 2025

Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастырады және оны әдіснамалық тұрғыда сүйемелдейді.

Негізгі бағыттары:

  • білім беру объектілерінің инфрақұрылымын дамыту бойынша перспективалық жоспарларды әзірлеу (жаңа нысандар салу, қайта құру, жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеу);

  • «Келешек мектептері»  ұлттық жобалар аясында құрылыс және сейсмикалық нығайту жобаларын үйлестіру, мониторинг және бақылау;

  • білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту жобаларын іске асыруды қадағалау;

  • білім беру саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) тетіктерін енгізу және дамыту;

  • инфрақұрылымдық мәселелер бойынша мемлекеттік және салалық жобалық офистермен өзара іс-қимыл жасау.

Мектепке дейінгі білім
Мектепке дейінгі білім беру
28 июля 2025

Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрылымындағы маңызды және басым бағыттардың бірі болып табылады. Бұл сала балалардың ерте жастан бастап жан-жақты дамуын, мектепке дейінгі ұйымдарға тең қолжетімділігін және сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Министрлік осы салада бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады, стратегиялық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларын бекітеді.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде келесі негізгі міндеттер жүзеге асырылады:

  • білім беру қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;

  • балалардың физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік даму ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру;

  • инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау;

  • отбасымен және қоғаммен серіктестік қағидаттарын енгізу;

  • педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және кадрлық әлеуетті дамыту.

Министрлік мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне әдістемелік және әдіснамалық қолдау көрсетеді, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіреді, халықаралық тәжірибені енгізуге ықпал етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, инфрақұрылымды дамыту, мониторинг жүргізу, қаржыландыру тетіктерін жетілдіру бағытында жұмыстар атқарылады.

Цифрландыру
Цифровизация
28 июля 2025

Цифрландыру – бұл білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен енгізу арқылы басқару тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және деректерді талдауға негізделген шешімдер қабылдау үдерісі.

Министрлік пен ведомстволық бағынысты ұйымдарда цифрландыру жұмыстары бірыңғай мемлекеттік саясат шеңберінде жүргізіледі. Бұл бағыттағы негізгі мақсаттар – ақпараттық жүйелерді құру, дамыту және жаңғырту, мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру, деректердің өзектілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Цифрландыру шеңберінде «Ұлттық білім беру дерекқоры» сияқты ірі ақпараттық жүйелерді енгізу мен сүйемелдеу, білім беру платформаларын (LMS) үйлестіру, педагогтерді аттестаттау және жұмысқа қабылдау үдерістерін автоматтандыру, сондай-ақ оқулықтарды сараптау, оқу процесін онлайн форматта ұйымдастыру секілді маңызды міндеттер атқарылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға, цифрлық деректерді басқаруға, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге, цифрлық трансформацияны жобалық басқару арқылы іске асыруға ерекше мән беріледі. Цифрландыру жұмыстары Мемлекет басшысының Жолдаулары мен стратегиялық құжаттарда белгіленген міндеттерге сәйкес жүзеге асырылады.




Электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі
28 июля 2025

Ұлттық білім беру деректер қоры  (ҰББДҚ) https://nobd.edu.kz/login 

Педагогтерді жұмысқа қабылдау  https://hr-nobd.edu.kz/#/sign-in 

1 сыныпқа қабылдауға құжаттар қабылдау  https://egov.kz/cms/ru/services/secondary_school/pass_mp_203

Педагог портфолиосы https://ustaz-nobd.edu.kz/#/sign-in 

«Ұстаз» Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының
ұлттық платформасы https://ustaz.orleu-edu.kz/auth 

 

 

 

 
Қазақстан Республикасының қатысушысы болып табылатын білім беру саласындағы екіжақты шарттардың тізбесі (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құзыреті шеңберінде)
23 июля 2025

 

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Германия оқытушыларын Қазақстан Республикасының мектептеріне жіберу туралы келісім, 1997 жылғы 26 қараша
  2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Тәжікстан Республикасының Білім министрлігі арасындағы техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, 2007 жылғы 13 қыркүйек
  3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, 2017 жылғы 3 сәуір
  4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Үкіметі арасындағы білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық туралы келісім, 1994 жылғы 21 наурыз
  5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, 1997 жылғы 27 ақпан
  6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, білім беру, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету туралы келісім, 1994 жылғы 10 қаңтар
  7. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы келісім, 1994 жылғы 16 желтоқсан
  8. Өзбекстан Республикасының Халыққа білім беру министрлігі мен Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, 1998 жылғы 31 қазан
  9. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинеті арасындағы білім беру құжаттарын, ғылыми (ғылыми дәрежелер мен атақтарды) өзара тану және баламалылығы туралы келісім, 2001 жылғы 26 қыркүйек
  10. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы білім беру құжаттарын, ғылыми дәрежелер мен атақтарды өзара тану туралы келісім, 2001 жылғы 5 шілде
  11. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру құжаттарын және ғылыми дәрежелерді өзара тану туралы келісім, 2006 жылғы 20 желтоқсан
  12. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, 2003 жылғы 25 сәуір
  13. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грекия Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы, 2002 жылғы 24 маусым
  14. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, 2006 жылғы 4 шілде
  15. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, 2000 жылғы 13 маусым
  16. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, 2009 жылғы 15 қыркүйек
  17. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру, ғылым, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, 2011 жылғы 5 қазан
  18. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасы Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, 2014 жылғы 15 қыркүйек
  19. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иордания Хашимиттік Корольдігі Үкіметі арасындағы білім беру және ғылым салаларындағы екіжақты ынтымақтастық туралы келісім, 2006 жылғы 29 қараша
  20. Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық туралы келісім, 1997 жылғы 27 қазан
  21. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметі арасындағы мәдениет, ғылым және білім салаларындағы ынтымақтастық туралы келісім, 1996 жылғы 17 қаңтар
  22. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Моңғолияның Білім, мәдениет, ғылым және спорт министрлігі арасындағы білім беру құжаттарын, ғылыми дәрежелер мен атақтарды өзара тану туралы келісім, 2019 жылғы 10 қазан
  23. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Корея Республикасының Білім және адами ресурстарды дамыту министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Бағдарламаға қол қою туралы, 2003 жылғы 29 қараша
  24. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Моңғолияның Білім, мәдениет және ғылым министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, 2008 жылғы 6 тамыз
  25. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, 2001 жылғы 18 шілде
  26. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы ынтымақтастық туралы келісім, 1994 жылғы 28 наурыз
  27. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастық туралы келісім, 1997 жылғы 16 қыркүйек
  28. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, 2010 жылғы 26 сәуір
  29. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Франция Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, 2013 жылғы 1 наурыз
  30. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі мен Грузияның Білім министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, 1997 жылғы 11 қараша
  31. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Франция Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасындағы халықаралық (француз) мектептерді құру және білім беру ұйымдарында француз тілін оқыту туралы келісім, 2023 жылғы 1 қараша
  32. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, 2009 жылғы 22 желтоқсан

 

 

 

Социальные сети
Instagram
Facebook
Youtube
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты