Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, 010000 Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіреберіс, «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының президенті бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8/2, байланыс телефоны: 8 (7172) 72-59-73.
Академия қызметінің негізгі мәні білім беру жүйесі мен білім беру процесін (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары) әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.
Академия қызметінің мақсаты оқыту және тәрбиелеудің теориясы мен практикасын дамыту, соның ішінде өмір бойы оқыту жүйесін дамыту, ұлттық білім беру жүйесін реформалау процесін және табысты (сапалы) жұмыс істеуін мониторингілеу болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;
2) Кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурсқа қатысуға мынадай адамдар қабылданбайды:
1) 18 (он сегіз) жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн тізілімнің (www.e-qazyna.kz, https://talapker.e-qazyna.kz) веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысу туралы құжаттар мен өтініштерді ұсыну мерзімі: 2025 ж.26.04-2025 ж.09.05. аралығында.
Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.
Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің
35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.
Өткізетін орны мен күні қосымша хабарланады. Байланыс телефоны: 8(7172) 741874