Құрметті педагогтер!
2025 жылы «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» Республикалық кадр резервін қалыптастыру жөніндегі жобаны іске асыру жалғасуда.
Жобаға қабылдау Орта білім беру ұйымдары басшыларының қазіргі уақытта орынбасарлары қатарынан жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылы Жобаға қатысуға өтінім беру және кандидаттарды іріктеу өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырылады. Кандидаттың өз кандидатурасын беру үшін өңір мен ауданды таңдау мүмкіндігі бар және республикалық кадр резервіне енгізілген жағдайда таңдалған өңірге тағайындауға келісім береді.
Біліктілік сипаттамалары бойынша өтінім беру және іріктеу кезеңі 2025 жылдың
10 ақпанынан 11 наурызға дейін қолжетімді.
Жобаға қатысуға өтінімді келесі сілтеме бойынша беруге болады: https://beyim.edu.kz/reserve.