Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрлігінің

Жауапты хатшысының

2019 жылғы «___»____________

№ ______ бұйрығымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім департаменті туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  4. Департаменттің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Министрліктің Жауапты хатшысымен бекітіледі.
  5. Департаменттің құрылымы 4 басқармадан тұрады:

1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мазмұны және әдіснамасы басқармасы

2) Жоспарлау және мониторинг басқармасы

3) Әріптестік және дағды басқармасы

4) Педагог қызметкерлердің қызметін үйлестіру және тәрбие жұмысы басқармасы

 

  1. Департаменттің негізгі міндеттері мен функциялары

 

  1. Міндеті: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу.

Функциялары:

1) өз құзыреті шегінде Министрліктің мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық, жылдық бағдарламаларды, индикативтік, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге және мониторинг жасауға қатысады;

2) өз құзыреті шегінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету үшін нормативтік құқықтық жобаларды жасау;

3) білім берудің сапасын басқаруды жүзеге асыру өз құзыреті шегінде білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің спасын әдістемелік және әдіснамалық қамтасыз ету;

4) мемлекеттік  органдармен, ұйымдар мен басқа да серіктестермен кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша Ұлттық біліктілік жүйесі, кәсіптік стандарттар, салалық біліктілік шеңбері мәселелері бойынша  іс-қимылды қамтамасыз ету;

5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін дамытуда салааралық және өңіраралық үйлестіруге қатысу;

6) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде оқу-әдістемелік  жұмыстарды жүргізуге  басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру;

7) «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және  республикалық колледждің жұмысын үйлестіру.

8) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, БАҚ-пен, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басқа да ақпараттық-коммуникациялық құралдарымен жұмысты үйлестіру.

  1. Міндеті: ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарының негізінде жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына, бағытталған сапалы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді алуы үшін жағдай жасау.

Функциялары:

1) өз құзыреті шегінде техникалық және кәсіптік білімді дамытуға ықпал ету мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарды, келісімдерді дайындау;

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, үлгілік оқу жоспарларын (әскери, медициналық және фармацевтикалық білім беруден басқа) әзірлеуді ұйымдастыру және бекітуге ұсыну;

3) мүдделі министрліктермен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-әрекет жасай отырып, кәсіптік оқу бағдарламаларының түрлері бойынша кадрлар даярлау үшін кәсіптер мен мамандықтардың тізбелерін анықтау және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптері мен мамандықтарының жіктеуіштерін бекіту;

4) өз құзыреті шегінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

5) "Мәңгілік ел жастары-индустрияға!" "("Серпін"),  жобасы бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін әзірлеу, еңбек ресурстарын және қысқартылатын қызметкерлерді қайта даярлау, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлау, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

 6) өз құзыреті шегінде оқу әдебиеттері менн оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, сараптау және басып шығаруды ұйымдастыру ережелерін әзірлеуге қатысу;

7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында республикалық кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастырудың тәртібін әзірлеуге қатысу;

8) республикалық және халықаралық Worldskils кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу;

9) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты, үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, өзектендіру, WorldSkills талаптарын, кәсіптік стандарттарды, салалық біліктілік шеңберін, дуальді оқыту технологияларын және үздік әлемдік практикаларды ескере отырып, оқу-әдістемелік жаңартуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

10) "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру, педагогикалық білім беру бойынша жұмысты үйлестіру;

11) кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелерін әзірлеуге қатысады, ECVET бірліктерін қайта есептеу жүйесін енгізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

12) Департамент әзірлеген нормативтік құқықтық актілерді жариялауды қамтамасыз ету.

  1. Міндеті: техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде азаматтардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуына қажетті жағдайларды жасау.

Функциялары:

1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және орналастыру;

2) өз құзыреті шегінде педагог кадрларды қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

3) "Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру", "Мәңгілік ел жастары-индустрияға!"Серпін" жобаларын іске асыру.

4) қолжетімді, сапалы білім алуға ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін және оларды табысты әлеуметтендіру үшін жағдайларды үйлестіру.

  1. Міндеті: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және кадрларды даярлау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

Функциялары:

1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына (ТжКБ) оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекітуге ұсыну;

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру оқу бағдарламаларын әзірлеу және келісуді ұйымдастыру;

3) өз құзыреті шегінде ТжКБ ұйымдарында педагог қызметкерлерді аттестаттау қағидаларын әзірлеуге қатысу;

4) ТжКБ ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау және ауыстыру қағидаларын әзірлеуге қатысу;

5) өз құзыреті шегінде білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізудің, аралық және қорытынды  аттестаттаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;

6) өз құзыреті шегінде ТжКБ ұйымдарында білім беру саласында пайдаланатын мемлекеттік үлгілегі қатаң есептілік құжаттарының үлгілерін әзірлеу, білім туралы құжаттарды  рәсімдеуге қойылатын талаптарды айқындау, оқуды бітірмеген тұлғаларға берілетін анықтама нысандарын бекіту;

7) сырттай, кешкі нысандарда білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін анықтау;

8) өз құзыреті шегінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдарда білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлеу;

9) өз құзыреті шегінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдарда білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібін әзірлеу;

10) өз құзыреті шегінде ТжКБ ұйымдары үлгілері мен түрлерінің номенклатурасын әзірлеуге қатысу;

11) өз құзыреті шегінде білім беру ұйымын алқалық басқарудың әртүрлі формаларының жұмысын ұйымдастырудың үлгілік ережелерін әзірлеуге қатысу;

12) өз құзыреті шегінде ұсынылған ақылы негізде тауарлар (жұмыстар мен қызметте) ұсынуға арналған үлгілік шарттың нысанын әзірлеуге қатысу;

13) Министрліктің Департаментте әзірленген нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік  тіркеуге  бағыттайды;

14) өз құзыреті шегінде білім беру жүйесінің қызметкерлерін еңбек, төлемақы және әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудың жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;

15) қазіргі заманғы  оқыту технологиясының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқыту үдерісіне  енгізуге  бағытталған ғылыми зерттеулерді дамыту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

16) өз құзыреті шегінде білім қызметкерлеріне республикалық мемлекеттік сыйлықтарды, құрмет  атақтарын беруге және озат белгілерімен белгілеуге ұсыныстар енгізу;

17) өз құзыреті шегінде оқу орындарын қайта ұйымдастыру және тарату  бойынша  ұсыныстар енгізу;

18) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік ұсынымдамаларды әзірлеу.

  1. Міндеті: техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде мазмұнына және оқу процесінің ұйымдастырылуына заманауи технологияларды енгізу бойынша жұмыстарды атқару

Функциялары:

1) білім беруді дамыту жағдайы туралы жыл сайынғы баяндаманы дайындап және  жариялау арқылы өз құзыреті шегінде білім беру жүйесінің жағдайы мен оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратты беруді қамтамасыз ету;

2) оқыту мен тәрбиелеудің, оның ішінде ақпараттық – технологиялық оқытудың  озық тәжірибесін және жаңа технологиясын зерделеу және тарату.

3) ҰБДҚ ведомствалық статистикасының деректер қорын әкімшіліктендіру бойынша жұмысты үйлестіру;

4) техникалық және кәсіптік жүйенің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының қорытынды мониторингі, оның ішінде индикаторлар мен көрсеткіштерге жету.

  1. Міндеті: экономика саласы мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі білім мекемелерінде техникалық және қызмет көрсету бойынша білікті мамандарды даярлауда қажетті құқықтық шараларды қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу;

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы халықаралық бағдарламаларды іске асыру;

3) техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша бағдарламалардың, жобалардың орындалуын талдау және үйлестіру;

4) өз құзыреті шегінде оқуға түсушілермен жасалған білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практиканы өткізудің үлгілік шартының нысандарын әзірлеуге қатысу;

5) өз құзыреті шегінде оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;

6) өз құзыреті шегінде Министрлікке бағынысты республикалық техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының жарғыларын келісу;

7) Министрлікке ведомстволық бағынысты республикалық техникалық және кәсіптік білім ұйымдарын қайта ұйымдастыру (қайта құру) жұмыстарын ұйымдастыру;

8) өз құзыреті шегінде педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарына үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеуге қатысу.

9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің және оларға теңестірілген адамдардың үлгі штаттарын әзірлеуге қатысу;

10) "Үздік педагог" конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережелерін әзірлеуге қатысу»;

  1. Міндеті: Департаменттің құзіреті шегінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нормативтік құқықтық базамсын жетілдіру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді бағалау үшін мониторинг жүргізу.

Функциялары:

1) Департаменттің  құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

2) Департаменттің  құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер қызметтерді, олардың атауының өзгеруін анықтау және/немесе алып тастау бойынша заңнамаға мониторинг жүргізу;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

4) Департаменттің құзыретіне шегінде жеке және заңды тұлғаларға Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу;

5) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлкеттік көрсетілетін қызметтердің үрдісін оңтайландыруды қамтамасыз ету;

6) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мемлкеттік көрсетілетін қызметтердің үрдісін оңтайландыруды қамтамасыз ету;

7) Департаменттің өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Мемлекеттік корпорация арқылы ауыстыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

8) Департаменттің өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша ішкі бақылау жүргізу;

9) Департаменттің өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қоғамдық мониторинг өткізу барысында үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету;

10) мемлеккеттік қызмет стандартын әзірлеу және аталған мемлекеттік қызметті көрсету сараптамасы;

  1. Міндеті: Жастар корпусын дамыту жобасына басшылықты қамтамасыз ету және іске асырылуын ұйымдастыру.

Функциялары:

1) Жастар корпусын дамыту жобасын іске асыру шеңберінде Жобаны басқару жөніндегі топпен, Үйлестіру агенттігімен және Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiмен өзара әрекеттесу;

2) Жастар корпусын дамыту жобасының 1,2,3-компоненттері бойынша жұмысты үйлестіру және сараптау;

3) Жоба шеңберінде қарастырылған келісім-шарттарды/келісімдерді, есептерді, әдістемелерді, сондай-ақ банктік және бухгалтерлік құжаттарды және басқа да құжаттарды келісу, қол қою;

4) Жобаны басқару жөніндегі топ пен Үйлестіру агенттігінің тауарлар мен қызметтерді бағалау (консультациялық және консультациялық емес) және консультанттарды іріктеу сатып алулары бойынша комиссиясына қатысу;

  1. Міндеті: рухани-адамгершілік, патриоттық, экологиялық тәрбиеге бағытталған шараларды жүзеге асыру, студенттерде белсенді азаматтық ұстанымды, парасаттылықты, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Функциялары:

1) "Рухани жаңғыру" бағдарламасының бағыттарын, "Ұлы Даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласын іске асыруды қамтамасыз ету";

2) мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу, кәсіптік бағдар беру қызметін іске асыратын ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

3) құқық бұзушылықтың, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

4) мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізуді ұйымдастыру, кәсіптік бағдар беру қызметін іске асыратын ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

  1. Департамент өз міндеттерін іске асыру мен функцияларын орындау мақсатында келесіге құқылы:

1) Министрлік басшыларының келісімімен Департаменттің функцияларына сәйкес жүктелген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау үшін, сондай-ақ өткізілетін іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін басқа бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін тарту;

2) Департамент құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты республикалық білім беру ұйымдары мен мемлекеттік білім беруді басқару органдарынан, мекемелерінен және өзге де ұйымдардан белгіленген тәртіппен ақпаратты сұрауға және алуға;

3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқыту үдерісі мен оқыту бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру барысында жұмыс және сараптамалық топтарын құруға;

4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру  ұйымдарында «Білім туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының талаптарын орындауды ұйымдастыруға және зерделеуге қатысуға;

5) Департамент өз құзыреті шегінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыруға;

6) Департаменттің жұмыс жоспарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

7) бақылаудағы құжаттардың, Министрлік басшылығының және департамент басшыларының тапсырмаларын өз уақытында орындалуын қамтамасыз етеді;

8)  Қазақстан Республикасы заңнамаларымен бекітілген тәртіппен Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қарастырады;

9) Өз құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілер жобалары мен Қазақстан Республикасының халықаралық келісім шарттар әзірлеуіне қатысу;

10)  Елбасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бөлігіндегі тапсырмалары мен жолдауларын уақытылы орындауды қамтамасыз ету;

11) ТжКБ ұйымдарына дуальді оқыту жүйесін енгізу мәселелерін үйлестіру;

12) Департамент қызметкерлерінің мемлкеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;

13) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;

14) Департаменттің  өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Мемлекеттік корпорация арқылы ауыстыруды қамтамасыз ету;

15) мемлекеттік қызметтер пайдаланушыларын мемлекеттік қызметтердің көрсетілу реті жөнінде ақпараттандырылуын қамтамасыз ету;

16) Департаменттің  өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қоғамдық мониторинг өткізетін үкіметтік емес ұйымдарға тиісті ақпаратты заңнамада көрсетілген тәртіппен беру;

17) заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

 

  1. Департамент қызметін ұйымдастыру

 

  1. Департаменттің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін өкілдігі бар.
  2. Департаментті Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген конкурстық негізде қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы бұйрығымен Директор басқарады.
  3. Департамент директорының орынбасары (орынбасарлары) болады.
  4. Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басшылық ету, Департаментке жүктелген міндеттердің және өз функцияларының орындалуына дербес жауап беруді жүзеге асырады
  5. Департамент директоры Министрлік басшыларына қызметкерлердің штаттық саны мен қызметке тағайындау құрылымы жөнінде ұсыныстар береді;
  6. Осы мақсатта директор:

1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттілігін айқындайды;

2) Департамент құрамына кіретін басқарма басшыларының  міндеттері мен өкілеттілігін айқындайды;

3)Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен заңнамаларына сәйкес өзге өкілеттіліктерді орындайды;

  1. Департамент директорының орынбасарлары:

1) өз өкілеттілігі шегінде Департамент басқармаларының қызметін үйлестіреді;

2) Департамент Директоры жоқ болған жағдайда орынбасарлардың біреуі Департамент қызметіне жалпы басшылық етуді жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің және өз функцияларының орындалуына дербес жауап береді;

3) Департаменттегі еңбек және атқарушылық тәртіпке жауап береді;

4) Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша Министрлік пен Департамент алдындағы міндеттер шешу бойынша функцияларды орындайды;

5) басшылықтың немесе Департамент директорының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Министрлік атынан өкілдік етеді;

6) Департамент қызметкерлерін белгіленген тәртіппен көтермелеу және оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізеді;

7) басшылық тапсырмаларының, Министр жоспарларының, жұмыс кестелерінің, министрлік тапсырмаларының сапалы және уақытылы орындалуын бақылайды және дербес жауап береді;

8) бақылауда тұрған құжаттардың уақытылы орындалуын, азаматтардың арыздары мен өтініштерінің уақытылы қаралуын бақылайды және дербес жауап береді;

9) Департамент директорымен жүктелген өзге де функциялар мен міндеттерді жүзеге асырады.

  1. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне Департамент атынан жолданатын құжаттарға Департамент директоры қол қояды, ал директор болмаған жағдайда қол қою оның міндетін атқарушыға жүктеледі.

 

__________________________

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
13 июля 2020