«Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

«Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы


БҰЙЫРАМЫН
:

  1. «Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 10768 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Бұйрыққа қосымша Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары
Дата публикации
28 августа 2020