Құрылысы және (немесе) реконструкциялануы (жапсарлас құрылыс) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын орта білім беру объектілерінің басым тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 38 бұйрығымен бекітілген Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларының 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Құрылысы және (немесе) реконструкциялануы (жапсарлас құрылыс) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын орта білім беру объектілерінің басым тізбесі бекітілсін.
  2. Бюджеттік жоспарлау департаменті (Молдаш Ғ.Ө.) бес жұмыс күні ішінде осы бұйрықты:

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын;

жергілікті атқарушы органдарға жолдасын.

  1. Қаржы департаменті (Г.С. Шакаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын жергілікті атқарушы органдардың білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі шоттарына аударуды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі Е.С. Оспанға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр                                                                              Ғ. Бейсембаев

Дата публикации
23 мая 2023