Атауы | Өлшем бірлігі |
2022 жыл факт |
Орындау туралы ақпарат |
PISA халықаралық зерттеуінің нәтижелері бойынша функционалдық сауаттылықтың шекті деңгейінен өткен білім алушылардың үлесі | % | по математике составила 51%, чтению – 36%, естествознанию – 40%. |
PISA-2018 нәтижелеріне сәйкес функционалдық сауаттылықтың шекті деңгейінен өткен білім алушылардың үлесі математика бойынша 51%-ды құрады, оқу – 36%, жаратылыстану – 40%.
Математикалық сауаттылық бойынша PISA тестілері алты қиындық деңгейіне сәйкес келетін дағдылардың бірыңғай шкаласы бойынша құрылған және әр тест тапсырушының үлгерімі оның құзыреттілігін көрсететін белгілі бір деңгейге байланысты. Деңгейлердің әрқайсысына құзыреттердің белгілі бір көрсеткіші сәйкес келеді (2.10-кесте). Математикалық сауаттылық шкаласы 1-деңгейді (ең төменгі деңгей) және 6-деңгейді (ең жоғары) қамтиды.
2-деңгейде (420-дан 482 балға дейін) білім алушылар бүтін сандармен байланысты есептерді шешу үшін негізгі алгоритмдерді, формулаларды, процедураларды немесе болжамдарды қолдана бастайды, мысалы, басқа валютадағы заттың шамамен бағасын есептеу немесе екі балама маршрут бойынша жалпы қашықтықты салыстыру. Олар тікелей қорытынды шығаруды қажет ететін контекстегі жағдайлардың мағынасын аша және тани алады, бір дереккөзден тиісті ақпаратты алады және ақпаратты ұсынудың бір түрін қолдана алады (мысалы, графиктер, кестелер, теңдеулер және т. б.). Осы деңгейдегі білім алушылар нәтижелерді тура түсіндіре алады. Бұл деңгей орта білім беруді аяқтағанға дейін меңгерілуі тиіс «ең төменгі деңгей» ретінде де анықталған. Осындай бола отырып, 2-ші деңгейді математикалық сауаттылықты қажет ететін бірқатар жеке немесе кәсіби жағдайларда негізделген пікірлер мен шешімдер қабылдау үшін «жеткілікті» сауаттылық деңгейі деп санауға болмайды, «жеткілікті деңгей» тек 3-ші деңгейден басталады және одан жоғары деңгейлерді қамтиды. |