«Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

«Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы 50 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 7 тамыз № 184 санында (28123)) жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мектепке дейінгі ұйымдар:

1) бөбекжай;

2) балабақша;

3) отбасылық бөбекжай;

4) санаториялық бөбекжай;

5) мектепке дейінгі шағын орталық.»;

2-тармақтың  2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) оқыту бейіні бойынша:

гимназия;

лицей;

бейіндік мектеп (жоғары мектеп);»;

2-тармақтың  6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) біріктірілген:

«мектеп-бөбекжай» кешені;

«мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені;

«бастауыш мектеп - бөбекжай - балабақша»;

мектеп-гимназия;

мектеп-лицей;

қосымша білім беру мектеп-орталығы;

мектеп-интернат-колледж;

оқу-сауықтыру орталығы (кешен);

оқу-өндірістік комбинат (мектепаралық, курстық);

оқу-тәрбие орталығы (кешен);

оқу орталығы;

дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары:

1)  колледж – школа-интернат

2)  колледж – мектеп;

3)   колледж;

4)  училище;

5) кәсіптік даярлау оқу орталығы;

6) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған колледж;

7) түзету мекемелері жанындағы кәсіптік даярлау оқу орталығы;

8) түзету мекемелері жанындағы колледж;

9) әскери – техникалық колледж;

10) жоғары колледж.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «8. Арнайы білім беру ұйымдары:

1) арнайы бөбекжай;

2) арнайы балабақша;

3) арнайы мектеп;

4) арнайы мектеп-балабақша;

5) арнайы мектеп - интернат;

6) арнайы кешен «балабақша - мектеп – интернат»;

7) арнайы кешен «мектеп - интернат – колледж»;

8) психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация;

9) оңалту орталығы;

10) психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті;

11) білім беру ұйымдарының жанындағы инклюзивтік білім беруді қолдау кабинеті;

12) логопедтік пункт.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «9. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары:

1)  ерекше білім беру қажеттілігі бар  балаларды қолдау орталығы;

2)  отбасы үлгісіндегі балалар ауылы;

3)  қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы;

4)  жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімдеу орталығы);

5)  кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы.».

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Ш. Каринова



Дата публикации
23 июня 2020