«Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 5 шілдеде № 8565 болып тіркелген, 2013 жылғы 21 тамыздағы «Егемен Қазақстан» газетінің № 194 (28133) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларында:

  1. 30-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліммен толықтырылсын.

Төтенше жағдайлар кезінде (карантин жариялау, су тасқыны, жер сілкінісі және т. б.)) балалар музыка мектептерінде, балалар көркемөнер мектептерінде, балалар өнер мектептерінде, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерде, оқушылар сарайларының (үйлері, орталықтар, кешендер, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары) жанындағы музыка мектептерінде оқу жылы аяқталуы бойынша қорытынды аттестаттау ағымдағы бағалау (нәтижелер) негізінде жүргізіледі.

Оқытудың толық курсын бітірген және ағымдағы бағалау (нәтижелер) негізінде қорытынды аттестаттау алған білім алушы мектеп бітіргені туралы куәлік алады.

 

30-3-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

«Балалар музыка мектептерінде, балалар көркемөнер мектептерінде, балалар өнер мектептерінде, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерде, оқушылар сарайларының (үйлері, орталықтар, кешендер, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары) музыка мектептерінде оқу жылы 1 қыркүйектен басталады.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке

дейінгі және орта білім беру комитеті (М.Т. Мелдебекова)                                            Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

                                 

                        Аты-жөні

Дата публикации
20 апреля 2020