«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-да жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-да жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат

2026 жылғы наурыз–сәуір айларында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ішкі аудит департаменті «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының 2024 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 28 ақпанға дейінгі қызметіне ішкі мемлекеттік аудит жүргізді.

 Аудиттің жалпы нәтижелері

Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 576,6 млн теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 34,8 млн теңге, рәсімдік бұзушылықтар – 541,7 млн теңге.

Ішкі аудит нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін 4 материал жолданды. Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 8 айыппұл салуға қатысты құжаттар жіберілді.

Қаржылық бұзушылықтар мыналар:

  • түспеген табыс көлемі – 12,3 млн теңге;
  • бюджетке аударылмаған түсімдер – 14,5 млн теңге;
  • негізсіз пайдаланылған қаражат – 8,0 млн теңге.

Рәсімдік бұзушылықтар бойынша:

  • таза шығын – 437,6 млн теңге;
  • тиімсіз және мақсатсыз пайдаланылған қаражат – 18,7 млн теңге;
  • мемлекеттік сатып алу талаптарын бұзу – 85,4 млн теңге.
    •  
  1. Еңбекақы қоры және штат саны
  • 2024 жылы Қоғам өз жоспарында 1 313 қызметкерге жалақы төлейтінін көрсеткен. Алайда шын мәнінде 942 қызметкер ғана жұмыс істеген. Демек жұмыс істеген адамдар саны жоспардан аз болған. Бұған қарамастан, жалақыға бөлінген ақшаның 99 пайызы жұмсалған.

Бұл ретте қызметкерлер іс-жүзінде аз болса да, жалақыға арналған ақша толық дерлік жұмсалып кеткен.

Бұл Қоғам жалақыға қажет қаражатты дұрыс есептемегенін көрсетеді.

2025 жылы Қоғамда еңбек ресурстары бойынша елеулі өзгерістер болған. Атап айтқанда, жұмыскерлер саны 1 313 бірліктен 723 бірлікке дейін азайған. Орташа тізімдік саны 687 адамды құрап, жоспар 99,13%-ға орындалған.

Сонымен бірге, жұмыскерлер саны азайғанына қарамастан, еңбекақы төлеу қоры 5,5 млрд теңге көлемінде толық игерілген. Бұл еңбекақы шығыстарының қаншалықты негізді және тиімді жоспарланғанын қосымша талдауды қажет етеді.

Сонымен қатар 2024–2025 жылдары 3 млрд теңгеден астам ақша алдымен үнемделгені көрсетіліп, кейін қызметкерлерге сыйақы ретінде төленгені анықталған.

Бұл штат саны мен жалақы қоры нақты қажеттілікке сай дұрыс жоспарланбағанын білдіреді.

  1. Қаржылық жағдайдың нашарлауы

Жалпы алғанда, Қоғамның қаржылық жұмысында бірқатар тұрақты мәселелер бар. Қоғам кіріс пен шығысты жоспарлағанымен, нақты пайдасы жыл сайын төмендеп отырған. Бұл қаржыны жоспарлау және жұмысты тиімді ұйымдастыру сапасы жеткіліксіз екенін көрсетеді.

2025 жылы Қоғам 2,3 млрд теңге табуды жоспарлаған. Алайда нақты түскен кіріс 1,4 млрд теңге ғана болған. Яғни жоспарланған кірістің 860,5 млн теңгесі түспеген.

Сонымен қатар 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қоғам пайда таппаған, керісінше 437,6 млн теңге шығынға шыққан. Бұл даму жоспарында көрсетілген оң нәтижеге сәйкес келмейді.

Қоғамның қаржылық жағдайы соңғы жылдары нашарлаған:

2023 жылы Қоғам 821 млн теңге пайда тапқан.

2024 жылы пайда 5,3 млн теңгеге дейін азайған.

2025 жылы алдын ала дерек бойынша Қоғам 437 млн теңге шығынға шыққан.

Яғни 2023 жылмен салыстырғанда Қоғамның қаржылық нәтижесі шамамен 1,25 млрд теңгеге нашарлаған.

Бұл жағдайды тек сыртқы себептермен немесе нарықтағы өзгерістермен түсіндіру қиын. Мұнда Қоғамның ішкі басқаруында, ақшаны жоспарлауында және қаражатты тиімді пайдалануында кемшіліктер бар екенін көруге болады.

 

  1. Даму жоспарының орындалуы

Қоғамның 2024–2025 жылдарға арналған даму жоспарының орындалуын талдау нәтижесінде жоспарлы көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқулар анықталды. Атап айтқанда, 453 млн теңге көлеміндегі кірістер бекітілген даму жоспарында көзделмеген, яғни аталған түсімдер даму жоспарының шеңберінен тыс қалыптасқан. Бұл Қоғамның кірістерді жоспарлау сапасының төмендігін, сондай-ақ нақты қызмет нәтижелерінің бекітілген даму жоспарына толық сәйкес келмейтіндігін көрсетеді. Сонымен қатар, кірістер құрылымында елеулі үлесті құрайтын «өзге де түсімдердің» ашылмауы қаржылық есептіліктің айқындығы мен анықтығына кері әсер етеді.

     6.Негізгі проблемалар

Ішкі аудит барысында заңнама талаптарын сақтау, бухгалтерлік есеп жүргізу, қаржылық есептілікті қалыптастыру, даму жоспарын жоспарлау және орындау, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдалану бағыттарында бірқатар проблемалар анықталды.

Анықталған фактілер Қоғам қызметінің тиімділігі төмен екенін көрсетеді. Негізгі себептер ретінде басқарушылық шешімдердің әлсіздігі, тәуекелдерді алдын ала бағаламау, даму жоспарын уақытылы түзетпеу және қаржылық тәртіптің жеткіліксіздігі қаралады.

 

 

Дата публикации
09 июля 2026