Цифрландыру – бұл білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен енгізу арқылы басқару тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және деректерді талдауға негізделген шешімдер қабылдау үдерісі.
Министрлік пен ведомстволық бағынысты ұйымдарда цифрландыру жұмыстары бірыңғай мемлекеттік саясат шеңберінде жүргізіледі. Бұл бағыттағы негізгі мақсаттар – ақпараттық жүйелерді құру, дамыту және жаңғырту, мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру, деректердің өзектілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Цифрландыру шеңберінде «Ұлттық білім беру дерекқоры» сияқты ірі ақпараттық жүйелерді енгізу мен сүйемелдеу, білім беру платформаларын (LMS) үйлестіру, педагогтерді аттестаттау және жұмысқа қабылдау үдерістерін автоматтандыру, сондай-ақ оқулықтарды сараптау, оқу процесін онлайн форматта ұйымдастыру секілді маңызды міндеттер атқарылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға, цифрлық деректерді басқаруға, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге, цифрлық трансформацияны жобалық басқару арқылы іске асыруға ерекше мән беріледі. Цифрландыру жұмыстары Мемлекет басшысының Жолдаулары мен стратегиялық құжаттарда белгіленген міндеттерге сәйкес жүзеге асырылады.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 399 Заңында (бұдан әрі-заң) дене шынықтыру педагогтеріне негізгі жұмыс орны бойынша сабақтан тыс спорттық сабақтар өткізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100% мөлшерінде қосымша ақы көзделген.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында сабақтан тыс спорттық сабақтар аптасына 2 сағат, орта білім беру ұйымдарында аптасына 3 сағат, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында аптасына 4 сағат өткізіледі.
1-4 сыныптарда аптасына кемінде бір сағат шахмат бойынша сабақтан тыс сабақтар міндетті түрде ұйымдастырылуы тиіс.
Сабақтан тыс спорттық сабақтарға арналған топтың сандық құрамы – кемінде 12 адам.
Жоғарыда көрсетілген Заңды іске асыру үшін 2021 жылғы 4 наурызда "азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізілді.
Сабақтан тыс спорттық сабақтар өткізгені үшін қосымша ақы "Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығының (бұдан әрі-бұйрық) негізінде жүргізіледі.
Қазіргі уақытта "Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықтың жобасы әзірленді және мемлекеттік органдардың келісімінде тұр.
Бұл норма 2021 жылғы 1 қаңтарда енгізілді. Төлем сабақтарды өткізу фактісі бойынша жүргізілуі тиіс.
Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ) білім беру ұйымдарына тәуелсіз оқыту сапасын жүйелі үздіксіз бақылау түрі болып табылады.
ББЖМ бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында (4,9 сыныптар) және алғаш рет техникалық және кәсіптік, орта білімнен (ТжКБ) кейінгі ұйымдарда өтетін болады.
ББЖМ мақсаты:
ББЖМ-ны өткізу:
мектептерде 4 және 9 сыныптар деңгейінде функционалдық сауаттылық және құзыреттілік деңгейін анықтауға, яғни өмірлік жағдайларда білім мен дағдыларды қолдануға, сондай-ақ талдамалық, логикалық ойлауды дамытуға бағытталатын болады.
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес педагогтердің жұмыс уақытына атқаратын лауазымына қарай: оқу (оқытушылық), тәрбие жұмысы, білім алушылармен жеке жұмыс, ғылыми, шығармашылық және зерттеу жұмысы, сондай-ақ лауазымдық міндеттермен және (немесе) жеке жоспарда көзделген басқа да педагогикалық жұмыс: әдістемелік, дайындық, ұйымдастырушылық, диагностикалық, мониторингтік жұмыс, білім алушылармен тәрбиелік, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, шығармашылық және өзге де іс-шаралар жоспарларымен көзделген жұмыс кіреді.
Педагогке тән емес функцияларға тартуға, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салуды белгілеу арқылы жүктемені қысқарту бойынша нормалар жеке көзделген.
Педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
2) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті ақпаратты талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулерді жүргізуге;
4) тауарлар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі міндетті жүктеуге жол берілмейді.
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерін олардың кәсіптік қызметін жүзеге асыруы кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге, тартуға жол берілмейді.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - ӘҚБтК) (409-баптың 7-3-тармағы) сәйкес педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын мынадай нысанда жасалған бұзушылық:
Педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
2) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті ақпаратты талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулерді жүргізуге;
4) тауарлар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі міндетті жүктеуге жол берілмейді.
5) мемлекеттік орта білім беру ұйымының педагогін өз кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тарту түрінде жасалған бұзушылық ескерту жасауға алып келеді.
Жоғарыда көрсетілген әрекеттерді қайталап жасаған кезде (әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде) (409-баптың 7-4-тармағы) лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде былапыт сөйлеуден, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар (белгілер), заттар көрсетуден көрінген, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы құрметтемеушілік таныту жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді(409-баптың 7-6-тармағы).
Егер бұл әрекеттерді он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған болса ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді (409-баптың 7-7-тармағы).