Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Бейсембаев Ғани Бектайұлы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі
Общая информация, образование

Ғани Бектайұлы Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Философия және психология ғылымдарының докторы.

Карьера

1989-1995 жылдары Алматы облысы Талғар ауданының №14 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеген.

1995-1997 жылдары Алматы облысы Іле ауданының №12 орта мектебінің директоры лауазымын атқарған.

1997-2000 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының бас ғалым хатшысы болған.

2000 жылы Алматы облысы Қапшағай қаласының білім бөлімін басқарған.

2001-2006 жылдары «Халықаралық қосымша білім беру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып жұмыс істеген.

2006-2020 жылдары «EDTECN» Халықаралық білім беру орталығының бас директоры лауазымын атқарған.

2020 жылы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болып тағайындалған.

2020-2022 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті лауазымын атқарған.

2022 жылғы наурыздан тамызға дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі.

2022 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі.

2023 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Youtube

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы