Айбат Ерболұлы Амановқа өзі оқыған А. Сейдімбек атындағы мектептің алаңына ескерткіш тақта орнатылды

Айбат Ерболұлы Амановқа өзі оқыған А. Сейдімбек атындағы мектептің алаңына ескерткіш тақта орнатылды

17 мамыр күні ҚР Ұлттық Ұланының қызметкері, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, бокстан жасөспірімдер арасында өткен облыстық, республикалық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы Қаңтар оқиғасында мерт болған ұлт ұланы Айбат Ерболұлы Амановқа өзі оқыған А. Сейдімбек атындағы мектептің алаңына ескерткіш тақта орнатылды.
Айбат батырды халық жадында мәңгі сақтап, өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында жасалған игі шараға өзі борышын өтеген Талдықорған қаласында орналасқан ҚР Ұлттық Ұланы 5514 әскери бөлімінен, Елордамыз Астана қаласынан ҚР ҚР Ұлттық Ұланның бас қолбасшылығы және Қарағанды қаласындағы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы мен 6505 әскери бөлімінен қонақтар келді. Сондай-ақ, салтанатты жиынға ауданды басшылығы, туған-туыстары, аудан тұрғындары қатысты. Батырлық пен өрліктің үлгісі болып табылатын Айбат батырдың рухына құрмет ретінде орнатылған тақтатасқа гүл шоқтары қойылды. А.Сейдімбек атындағы мектептің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәніне арналған сыныпқа Айбат Амановтың есімі берілді. Іс шара Айбат Амановтың атында ұйымдастырылған бокстан облыстық турнирмен жалғасты.