Ұлытау облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданының білім беру ұйымдарында “Мың бала” республикалық мәдени-ағартушылық жобасы

Ұлытау облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданының білім беру ұйымдарында “Мың бала” республикалық мәдени-ағартушылық жобасы

📜Ұлытау облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданының білім беру ұйымдарында “Мың бала” республикалық мәдени-ағартушылық жобасын білім беру ұйымдарының арасында ұйымдастырушы, жетекшісі Жаңаарқа аудандық білім бөлімінің әдіскері Ашикбекова Кулшат Мукыжановна «Өнерлі өрге жүзер» атты музыкалық конкурсының эстрадалық вокал жанры, аспапта ойнау жанры бойынша аудандық ағымдағы жылдың 3 мамыр күні ұйымдастырды. 🎤 Өнер сүйер талантты жас өнерпаздар эстрадалық жанры бойынша 7-8 жас аралықта-37 бала, 9-13 жас аралықта-39, 14-15 жас аралықта-13 бала қатысып, бақтарын сынасты. 🎻Ал аспапта ойнау жанры бойынша 7-8 жас аралықта-3 бала, 9-13 жас аралықта-11, 14-15 жас аралықта 10 бала қатысты. “Көңіл толқыны”,“Балбырауын күйі”, «Ерке сылқым» , «Нәр ағашы», «Сарыарқа күйі», «Тепен көк»,«Адай» , «Келіншек»,«Бозторғай», «Жастар биі», «Әлқисса», «Әке арманы» күйлерін қасиетті домбырамен сыңғырлата орындап шықты. Сонымен қатар эстрадалық жанр бойынша «Қазақстан»,«Елімай», "Туған жер", “Алғыс әні”, “Атамекен әні”,«Ауылым»,«Бүлдірген», «Елің үшін самға»,«Бипыл», «Қазақ елі осындай», «Ел қорғауға әзірміз» квинтеті, «Тәуелсіз елдің ұраны»дуэті, «Анашым, анажаным» әндерін тамылжыта орындады. көрермендердің көңілдерінен шыға білді!!!