«Білім берудегі жасанды интеллект: интеллектуалды көмекшілердің мүмкіндіктері» тақырыбында аудандық семинар

«Білім берудегі жасанды интеллект: интеллектуалды көмекшілердің мүмкіндіктері» тақырыбында аудандық семинар

2026 жылдың 8 сәуірінде Жаңаарқа аудандық білім бөлімі ұйымдастыруымен «Білім берудегі жасанды интеллект: интеллектуалды көмекшілердің мүмкіндіктері» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты – информатика сабағында жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану, мұғалімдердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау және заманауи цифрлық мүмкіндіктерді білім беру үдерісіне енгізу жолдарын талқылау болды.

Семинар барысында қатысушылар ашық сабақтарға қатысып, STEM бағытындағы жұмыстармен танысты. Сонымен қатар, информатика пәнінде қолданылатын түрлі платформалар мен цифрлық құралдардың мүмкіндіктері көрсетіліп, мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, білім берудегі жаңа технологияларды тиімді қолдану жолдары талқыланды.

Іс-шара аясында интерактивті тапсырмалар, көрмелер және тәжірибелік жұмыстар ұсынылып, семинарға қатысқан педагогтар үшін пайдалы ақпараттар берілді. Мұндай кездесулер мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал етіп, білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қосатыны сөзсіз.

Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Осындай мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған іс-шараға белсенді қатысып, тәжірибелерімен бөліскен барлық әріптестерге алғысымызды білдіреміз.