
🤖 RoboLand 2026: Болашақ инженерлер мен инноваторлар додасы! 🚀
Жаңаарқа ауданында цифрландыру және технология әлемінің ең ауқымды шарасы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен 2026 жыл — «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялануына орай, бізде айтулы оқиға орын алуда.
«Жаңаарқа аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ХІ Халықаралық «RoboLand 2026» фестивалінің аудандық кезеңі өтті.
🎯 Жарыстың мақсаты:
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, бағдарламалау мен инновациялық технологиялар саласындағы техникалық құрастыру дағдыларын дамыту және жаңа шығармашылық бағыттарды игеруге жәрдемдесу.
⚙️ Байқау бағыттары:
Жарыс робототехниканың келесі 7 түрі бойынша өтуде:
⚽ Минифутбол
🔄 Кегельринг-квадро Х2
🌀 Лабиринт level 1
💰 Теңге алу
🏹 Садақ ату
✨ Шығармашылық
🏗️ Болашақ инженерлері-3D-прототиптеу
Айтулы шараның ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысы Балабаева Махаббат Ермұханбетқызы мен Аудандық білім бөлімінің бас маманы Кадирбаева Балдырған Серікқызы қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Әділ қазылар алқасы әр санат бойынша үздіктерді анықтап, жас дарындардың еңбегін бағалады.
Болашақ — технология мен білімді жастардың қолында! 💡🇰🇿
Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мадақтамалармен, кубок және естелік сыйлықтармен марапатталды.