2025 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы хабарландыру

2025 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы хабарландыру

«Жаңаарқа ауданының білім бөлімі» ММ 2025 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы  Жаңаарқа ауданы аумағында орналасқан Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарлайды.

Құжаттар конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру берілген 3 (үш) жұмыс күндері қабылданады. Қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары негізінде қабылданады.

Мектепке дейінгі мекемелер басшы қолы қойылған мекеме мөрімен расталған құжаттарды білім бөліміне: Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Абай көшесі 37 үй.  

2025 жылдың 21 мамыр мен 23 мамыр  аралығында сағат 17.00-ге дейін ұсынылады:

 

Конкурсқа қатысу туралы құжаттар 2025 жылдың 23 мамыр күні сағат 17.00-де қаралатын болады: Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Абай көшесі 37 үй. 

Қосымша ақпаратты келесі байланыс телефоны арқылы алуға болады; тел: 87056296289