Меню

Страницы

Статья

ЖАЗҒЫ МЕКТЕП

 

                                                                                                                                 Бекітемін

Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің басшысы                                                                                                                                                                    

М.Е.Балабаева

 

                    Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білімдегі жіберілген олқылықтардың орнын толықтыруға арналған  26 мамыр - 19 маусым аралығында өткізілетін

Жазғы мектептің жұмыс жоспары

2020-2021 оқу жылы

Әдістемелік ұсынымдар:

  • Әдістемелік бірлестіктерде пәндер бойынша ең күрделі тақырыптарды таңдау және олардың санын талқылау
  • Оқытудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін таңдау (оқу материалын бекіту үшін)
  • Бірлескен қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құру
  • Білім алушыларға арналған жеке консультациялар
  • Негізгі пәндер бойынша, оның ішінде педагогикалық жоғары оқу орындарының,колледждердің студенттерін тарта отырып, консультациялар
  • Құпиялылық режимінен шыққан PISA тапсырмаларын сабақтарда белсенді қолдану
  • Оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту («Оқитын мектеп»)
  • Электрондық ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту
  • Шаблондық алгоритмдерді қолданудың орнына ерекше практикалық-бағдарланған тәсілдерді іздей отырып, математикадағы күрделі есептерді шешу әдістерін қолдану
  • Мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым)

Практикалық тапсырмаларды орындау

 

 

1.Ұйымдастыру жұмысы

Іс- шараның тақырыбы

Іс-шараның түрі

Мерзімі

Өткізілетін орны

Жауапты

1

Жаңаарқа аудандық білім беру ұйымдарында әдістемелік бірлестіктердің қызметін үйлестіру, жазғы мектеп жұмыс жоспарын  құру және бекіту.

 

Кәсіби әңгіме, бірлесе жоспар жасақтау. Хаттама

мамыр

Білім беру ұйымдары

 Жаңаарқа аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Г.И.Достаева

2

Ата-аналардың өтініші бойынша 5-6-7-8-10-сыныптарда  оқушылар мен сынып-жиынтықтардың тізімі  нақтылау.

Өтініш алу

мамыр

Білім беру ұйымдары

Білім беру ұйымдарының  әкімшілігі

3

Әдістемелік бірлестік отырысында оқу пәндерінің тізімін нақтылап, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар құру. Сабақ кестесін жасап, уақытша сынып журналдарын арнау.

Әбістемелік отырыс

мамыр

Білім беру ұйымдары

Білім беру ұйымдарының басшылары

Бірлестік жетекшілері

Пән мұғалімдері

4

 Ата-аналармен кездесу және олармен келісе отырып, жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру;

- оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын жою бойынша жазғы мектеп  жұмысын ұйымдастыру;

Сұхбат

мамыр

Білім беру ұйымдары

Білім беру ұйымдарының әкімшілігі

5

Мектепте «Тең – теңіне», «Көлденеңінен және тігінен қамқоршылық» және басқа да қағидаттар бойынша көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;

-Оқушылардың оқу тапсырмаларын орындауына көмек көрсету мақсатында педагогикалық жоғары  оқу орны, колледж студенттері қатарынан еріктілер қозғалысын ұйымдастыру;

Әдістемелік көмек

мамыр

Білім беру ұйымдары

 

Бірлестік жетекшілері

Пән мұғалімдері

Зерттеу  тобы мүшелері

6

- мектептердің қамқорлық көрсетуі аясында білім беру ұйымдарының өзара қарым-қатынас жасауы;

-       ресурстық орталықтарда (тірек мектептерде) оқушылардың оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын жою және білімін толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

Кәсіби әңгіме, бас қосу

мамыр

Жетекші мектеп пен серіктес мектептер

Жетекші мектеп

модераторлары

7

- цифрлық білім беру ресурстарын белсенді пайдалану (edu.kz, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, үздік педагогтердің авторлық сабақтары және тағы басқалар).

Интернет платформалар

үнемі

 Білім беру ұйымдары

Мектеп модераторлары

 

  1. Оқу мазмұны

Іс- шараның тақырыбы

Іс-шараның түрі

Мерзімі

Өткізілетін орны

Жауапты          

1

- Оқушылардың оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын ескере отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды бөлімдер/бөлімшелер/тақырыптар бойынша қайта қарау;

- оқытудың қол жеткізілмеген  мақсаттарын ескере отырып, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар құру;

- оқу пәндері бойынша цифрлық ресурстар әзірлеу;

Бірлесе жоспар жасақтау.

Ресурс;

мамыр

 Білім беру ұйымдары

Мектеп әкімшілігі

 

 

 

 

 

  1. Оқыту әдістемесі

Іс- шараның тақырыбы

Іс-шараның түрі

Мерзімі

Өткізілетін орны

Жауапты          

1

- қосымша сабақтар аясында оқытудың саралау әдістерін іске асыру;

- білім алушыларды жобалық және зерттеу жұмыстарына тарту;

- оқу материалын күрделі және бекітуді талап ететін оқу мақсаттары бойынша бөле отырып, модульдік оқытуды пайдалану;

- оқытудың тиімді әдістерін қолдану

 

Саралау;

Зерттеу;

Кейс-стади;

Тақырыптық талқылау;

Іскерлік ойын;

үнемі

 Білім беру ұйымдары

 Әдіскерлер

  1. Педагогтердің жұмысы

Іс- шараның тақырыбы

Іс-шараның түрі

Мерзімі

Өткізілетін орны

Жауапты          

1

- оқушылармен, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жеке жұмысты ұйымдастыру;

Жеке жұмыс

үнемі

 Білім беру ұйымдары

Психолог

2

-  психологтің, әлеуметтік педагогтің, сынып жетекшісінің, үлгерімі төмен білім алушыларды қолдау бойынша арнайы педагогтің, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеу жөніндегі педагог-ассистенттің жұмысын ұйымдастыру;

Сұхбат;

Бас қосу;

үнемі

 Білім беру ұйымдары

Психолог

Әлеуметтік педагог

 

  1. Оқушылардың ата-аналарымен жұмысты ұйымдастыру

Іс- шараның тақырыбы

Іс-шараның түрі

Мерзімі

Өткізілетін орны

Жауапты          

1

- Ата-аналарды үлгерім мониторингінің нәтижелері туралы  хабардар ету;

-Ата-аналарымен жеке әңгімелесу, консультациялар өткізу және ата-ана құзыреттіліктерін арттыру бойынша тренингтер өткізу;

Сұхбат;

Әңгімелесу;

Консультациялар;

Тренинг

үнемі

Білім беру ұйымдары

Мектеп әкімшілгі

Сынып жетекшілер

Психолог

 

- шешім қабылдау, мектепішілік бақылау мәселелерінде қамқоршылық кеңестердің рөлін арттыру.

Кеңес;

мамыр

Білім беру ұйымдары

Мектеп әкімшілігі

Әлеуметтік педагог

 

 

 

  1. Педагогтерді даярлау

Іс- шараның тақырыбы

Іс-шараның түрі

Мерзімі

Өткізілетін орны

Жауапты          

1

- үлгерімі төмен оқушылармен, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс бойынша онлайн оқыту тренингтер, вебинарлар өткізу;

- педагогтерді курстан кейінгі қолдау: мектептерде қашықтан оқыту бойынша вебинарлар, шеберлік сағаттары, тренингтер;

- педагогтер, ата-аналар мен  оқушылар үшін еркін қолжетімді вебинарлар ұйымдастыру;

Тренинг;

Вебинар;

Шебер сағаттар;

үнемі

Білім беру ұйымдары

Модараторлар

Психолог

2

- менторлардың, коучтердің, педагог-шеберлердің, педагог-зерттеушілердің үздік тәжірибелерін қолдану;

 

Сұхбат;

Бас қосу;

педагогке арналған тегін

 ресурстардың сілтемелері:

 «Өрлеу» on-line, https://www.youtube.com/channel

/UCXC-idU18buI-_kCBLU16-g.

үнемі

Білім беру ұйымдары

Ментор

Зерттеу тобы

 

 

 

Дата публикации
26 мая 2021
Дата обновления
11 июня 2021
Тип

Сейчас читают

БАҚ үшін
09 января 2025
Мектепке дейінгі білім беретін мекемелерінің консультациялық пунктілері
Ақпарат
11 июня 2024
Қауіпсіз автобус
Ақпарат
24 мая 2024
Жаңаарқа ауданы білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында «ДосболLIKE» білім беру ұйымдарында балаларды жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу бағдарламасын сынақтан өткізу бойынша пилоттық жобаға қатысу үшін іріктелген білім беру ұйымдарының тізімі

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты