Құрметті ұстаздар! Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мейірлі әрі аса жауапты мамандық. Сіздердің ақпейіл көңілдеріңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізілетін тәлім-тәрбие, үлгі өнеге өлшеусіз. Сіздер - жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, сіздерді “Ұстаздар күні” мерекесімен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!