28 ақпан - 01 наурыз күндері Сәтбаев қаласында "Ұлытау облысының әдістемелік орталығы" КМҚК ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар, 7-8 сыныптар, 9-11 сыныптар арасында "Шұбар доп" волейболдан оқушылар арасында облыстық мектеп лигасы өткізілді.
Сайыс нәтижесі бойынша оқушыларымыз жоғары дәрежеде ойын көрсете білді. Атап айтқанда:
5-6 сыныптар арасында "№1 тірек мектебі(РО)" КММ қыздар командасы І орынға ие болып, Республикалық кезеңге жолдама алды;
7-8 сыныптар арасында "№1 тірек мектебі(РО)" КММ ұлдар командасы және "Ж.Жабаев атындағы №15 тірек мектебі (РО)" КММ қыздар командасы ІІ орынға ие болды;
Жарыстың соңғы күні 9-11 сыныптар арасында өткен жарыста "№1 тірек мектебі(РО)" КММ қыздар командасы І орынға ие болып, Республикалық кезеңге жолдама алды.
Оқушыларымызға Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!