ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті ата-аналар!
Балаларды 1-сыныпқа дайындау мақсатында, 2021 жылғы тамыздың 9 мен 22 күндері аралығында Теміртау қаласының жалпы білім беретін мектептерінде «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстарын өткізу жоспарлануда. Даярлық курсының мақсаты: балалардың мектепте оқуға ынтасын, зияткерлік, эмоционалды-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, 1-сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету. Бұл - мектепке дейінгі мекемелерге бармаған балалардың ата-аналары үшін маңызды ақпарат.
Ескерту: Толық мәлімет алу үшін балаларыңыздың 1-сыныпқа құжатын тапсырған білім беру ұйымына хабарласуларыңызға болады.