Құрметті түлектер, қадірлі ұстаздар, ата-аналар!

Құрметті түлектер, қадірлі ұстаздар, ата-аналар!

Жыл сайын мәнін жоғалпайтын түлектердің он бір жыл бойы білім алған алтын ұяларымен қоштасып, аттестат алу мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін оқиға. Биылғы жыл Сіздер үшін сынды оқу жылы болғанына қарамастан, бүгін 1036 түлекмектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұр.

Сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін елімізде барынша жағдай жасалып отыр. Сондықтан да, қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді арнаймын. Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Туған жеріміздің мәрте­бесiн арттыратын сендерсiңдер, жас түлектер! Алдарыңызда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өтуге тілектеспін! Он бір жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыңыздың, ата-аналарыңыздың үмітін ақтайсыздар деген сенімдемін. Қадамдарыңа сәттi сапар, өмiрлерiне нақты қадам тiлеймін!