Жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі

Жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі

Қарағанды облысы білім басқармасының «Теміртау қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшы м.а. Р.К. Казтаевтың бастамасымен 10 маусым 2021 жылы «Жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі» тақырыбында мектеп директорлары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен онлайн түрінде жиналыс өтті.

Күн тәртібі бойынша келесі сұрақтар қарастырылды: «Карантин кезінде санитарлық ережелер мен санитарлық-эпидемияға қарсы талаптарды қамтамасыз ету» "Теміртау қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы" РММ басшысы А.Ш. Әміров, «Жаз кезінде балалардың қауіпсіз демалысын ұйымдастыру» Полиция капитаны, жергілікті полиция бөлімінің бастығы,Теміртау қаласы ПБ қызметкері А.А .Канафин, «Өрт қауіпсіздігі ережелері және су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері» Теміртау қаласы Төтенше жағдай басқармасы аға инженері А.К. Канафина қатысып, балалардың қауіпсіздік нормалары мен ережелерінің сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Теміртау қаласының каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру», «Мектепбітірушілер кештерін өткізу туралы»

тақырыптарда "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Н.А. Ильясова баяндады. Жиналыс соңында әртүрлі сұрақтар қарастырылды.

#ҚМББтәрбие