2025 жылғы 15 мамырда Академик Евней Арыстанұлы Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясы базасында аудандық әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, химия және биология пәні мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Семинар тақырыбы «Педагогтың кәсіби қызметінің сапасы- қазіргі заманғы білім беру сапасын қамтамасыз етудің басты шарты». Осы семинардың мақсаты педагогикалық тәжірибе деңгейін арттыру, табысты тәжірибе алмасу, мұғалімдерді оқытудың инновациялық процестеріне тарту болды. Семинар қатысушыларына ашық сабақтар, заманауи технологиялар мен жасанды интеллект, жаңа білім беру технологияларын қолдана отырып шеберлік сыныптары ұсынылды.
Аудан педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті, инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқу процесінің қызықты нысандарын көрсетті. Семинар соңында мұғалімдер кәсіби құзыреттілікті жетілдіру, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау, арттыру және тарату үшін осындай семинарлар өткізу туралы тілектерін білдірді.