Аудандық Тарих және жаратылыстану пәндері бойынша 5-6 сыныптарға арналған "Уақытқа саяхат" байқауы.

Аудандық Тарих және жаратылыстану пәндері бойынша 5-6 сыныптарға арналған "Уақытқа саяхат" байқауы.

Аудандық байқаулар тізбесіне сәйкес тарих және жаратылыстану пәндері бойынша 5-6 сыныптарға арналған "Уақытқа саяхат" байқауы аудан көлемінде өткізілді. Байқау оқушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру, олардың танымдық қызығушылығын дамыту, сондай-ақ әлемдік тарихтың маңызды оқиғалары мен тұлғалары туралы білімді насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Мектептер арасынан жеті  команда бақ сынады.  Олар: Ақсу негізгі мектебі, Мерген негізгі мектебі, Бірлік негізгі мектебі, Жанажол орта мектебі,К. Салықов атындағы орта мектебі, Жалпы білім беретін мектеп, М.Ахметбеков атындағы орта мектебінің командалары .  Конкурс 3 кезеңнен ұйымдастырылды. 1. Тест тапсырмаларын орындау. 2. Мәтінмен жұмыс. 3. Сахналық көріністер

Конкурс бойынша әділқазылар алқасы тағайындалып, ортақ шешім бойынша Жалпы білім беретін мектеп оқушылары 181 ұпаймен 1 орынға , 147 ұпаймен Мерген орта мектебі 2 орынға және 119 ұпаймен М. Ахметбеков атындағы орта мектебі 3 жүлделі орынға ие болды. Қалған командалар номинация бойынша марапатталды.