
Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаева 2025 жылдың 1 сәуірінде Шал ақын ауданына іссапармен келді. Бұл сапар Шал ақын ауданының әкімі Қайрат Қайроллаұлы Омаровпен ресми кездесуден басталды. Осы кездесу барысында ауданның білім беру саласына қатысты негізгі мәселелер, сондай-ақ білім беру сапасын жақсарту жоспарлары талқыланды. Аудан әкімі білім беру мекемелерін жаңғыртуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екенін білдірді, сондай-ақ мектептердің ағымдағы жағдайы туралы пікірімен бөлісті. Сапар аясында 2026 жылы реновациядан өтетін «Е.Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ, 2024 жылы модернизация жасалған «Ғ.Малдыбаев атындағы жаңажол орта мектебі» КММ, нысаналы мектеп «К.Салықов атындағы орта мектебі» КММ, «Өркен»өнер мектебі» КММ, «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ мекемелеріне барды.
Гүлнар Темірболатқызы «943-нысаналы мектептерді дамыту» жобасына айрықша көңіл бөліп, К.Салықов атындағы орта мектептің ұжымымен кездесті.Талқылаудың негізгі тақырыптары, білім беру мекемелерін жаңғырту мәселелері, сондай-ақ ауданда білім беруді дамытудың басқа да өзекті мәселелері болды.Білім беру сапасын арттыру үшін инновацияларды енгізу қажеттігін атап өтіп, оқушылар мен педагогтар үшін білім беру инфрақұрылымы мен жағдайларын үнемі жақсартудың маңыздылығын атап өтті.