2026 жылғы 3 шілдеде облыстық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Аю-тас» сауықтыру лагерінің балалары экологиялық сенбілікке белсене қатысып, лагерь маңындағы жағажай аумағын тазалау жұмыстарын жүргізді.
Бұл игі іс арқылы балалар табиғат тазалығын сақтауға өз үлестерін қосып, «Таза жағалау – таза су» бастамасын қолдады. Сенбілік барысында жағалау қоқыстан тазартылып, демалушылар үшін таза әрі жайлы орта қалыптастыруға атсалысты.
Осындай экологиялық іс-шаралар жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастырады. Балалар туған өлкенің табиғатын қорғау – әр азаматтың маңызды міндеті екенін өз істерімен дәлелдеді.
Таза табиғат – денсаулықтың, көркем қоршаған ортаның және жарқын болашақтың кепілі. Табиғатты бірге қорғайық!