Ұлттық домбыра күні қарсаңында «Аю-тас»

Ұлттық домбыра күні қарсаңында «Аю-тас»

2026 жылғы 2 шілдеде Ұлттық домбыра күні қарсаңында «Аю-тас» сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері Ғабит Мүсірепов ауданының Новоишим ауылынында орналасқан Қазақстандағы алғашқы цифрлық музейге экскурсия жасады.

Экскурсияны цифрлық музейдің директоры Ахметова А.Б. мен инженер-бағдарламашы Глушань В.М. жүргізіп, балаларды тарих пен ғылымды қызықты әрі қолжетімді ететін заманауи цифрлық технологиялармен таныстырды.

Оқушылар VR-көзілдіріктердің көмегімен виртуалды саяхатқа шығып, интерактивті VR-аймаққа еніп, цифрлық экспозицияларды тамашалады. Сонымен қатар инновациялық мультимедиялық шешімдермен танысып, виртуалды қазба жұмыстарына қатысып, артефактілерді іздеу арқылы өздерін нағыз археолог ретінде сезінді.

Музейдегі барлық экспозициялар заманауи цифрлық форматта ұсынылған. Бұл келушілерге тарихты тамашалап қана қоймай, оның тікелей қатысушысы болуға мүмкіндік береді. Осындай технологиялар білім алу үдерісін әсерлі, танымды әрі есте қаларлықтай етеді.

Цифрлық технологияларға қызығушылық танытқан балалар мен педагогтерге алғысымызды білдіреміз. Қазақстандағы алғашқы цифрлық музейде сіздермен қайта қауышуға әрқашан қуаныштымыз!