Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Мағжан оқулары» байқауы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Мағжан оқулары» байқауы

Ағым жылының 3 маусымында Е.Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясында  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Мағжан оқулары» байқауының аудандық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты: жерлес ақын, педагог Мағжан Жұмабаев шығармалары арқылы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне қазақ халқының әдеби мұраларын ұлттық құндылықтар тұрғысынан дәріптеу арқылы кәсіби дайындықтарын шыңдау, поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Мен жастарға сенемін» номинациясында Ақсу негізгі мектебінің мұғалімі Әскер Сания Кайратовна,  «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» номинациясында Е.Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Акишева Гульмайда Кубегеновна және «Педагог-модератор»  номинациясында Ақан-Барақ орта мектебінің мұғалімі Кабденова Сагыныш Кайратовна I  дәрежелі дипломға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Сәттілік!