
2026 жылғы жазғы демалыс 08 маусымында «Аю-тас» сауықтыру лагерінің алғашқы ауысымы өз жұмысын бастады. Лагерьдің салтанатты ашылу рәсіміне оқушылар, педагогтар және қонақтар қатысты.
Табиғаты көркем өлкеде орналасқан лагерь балаларға қауіпсіз әрі қызықты демалыс ұйымдастыруға барлық жағдай жасаған. Алғашқы маусымда ауданның түкпір-түкпірінен келген балалар демалып, спорттық жарыстарға, танымдық ойындарға, шығармашылық байқауларға және мәдени іс-шараларға қатысады.
Ашылу салтанатында қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын концерттік бағдарлама ұсынылып, балаларға жарқын әсер мен ұмытылмас демалыс тілектері айтылды.
«Аю-тас» лагерінің І маусымы әр бала үшін жаңа достар тауып, қызықты сәттерге толы, есте қаларлық демалыс болсын!
Балаларға көтеріңкі көңіл-күй, зор денсаулық және жарқын жаз тілейміз!