2026 жылғы 4 мамырда Е.Шайкин атындағы мектеп-лицейінде жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері арасындағы «Білгенге маржан» интеллектуалды сайысы өткізілді. Білім мен тапқырлықты, зеректік пен логикалық ойлауды ұштастырған «Білгенге маржан» атты интеллектуалды сайыс жоғары деңгейде өтті. Бұл сайыс оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Сайыс барысында қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша бақ сынады: сұрақ-жауап, логикалық тапсырмалар, жылдамдық пен дәлдікті талап ететін ойындар. Әр кезеңде мұғалімдер өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, тапқырлық пен шапшаңдық танытты.
Қатысушылар белсенділік танытып, ерекше дайындықпен келгендерін дәлелдеді. Сайыс тартысты әрі қызықты өтіп, көрермендерге де ерекше әсер сыйлады.
Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешімімен анықталып, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.