«Мағжан оқулары» байқауының облыстық кезеңі

«Мағжан оқулары» байқауының облыстық кезеңі
Жеңіс құтты болсын! 🎉
2026 жылдың 5 мамырда Мағжан жырларын ұлықтаған «Мағжан оқулары» байқауының облыстық кезеңінде Алқаағаш негізгі мектебінің 9 сынып оқушысы Қаратай Айнұр жүлделі 1 орынға (Жетекшісі – Жакина Гульмира Жолаушевна), Есім Шайкин атындағы мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Высоцкая Алина 2 орынға (Жетекшісі – Кобеева Мейрамгул Конысовна) ие болды.
Бұл жеңіс – оқушылардың терең білімі мен шығармашылық қабілетінің, сондай-ақ ұстаздарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Байқау барысында қатысушылардың бірі Мағжан Жұмабаев шығармаларын мәнерлеп оқып, екіншісі Мағжанның әндерін орындап, оның рухани мұрасын терең түсінетінін дәлелдеді.
Осындай биік белестерді бағындыру – жас ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге жол ашады.
Жеңімпаз оқушымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!