2026 жылғы 25 сәуірде оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарларына арналған
«Білім алушыларды ҰБТ, ББЖМ-не дайындауды талдау және жетілдіру, оқытудағы сабақтастықты қамтамасыз ету» тақырыбында әдістемелік кеңес өтті.
Кеңес барысында 2025–2026 оқу жылын аяқтау, білім алушыларды даярлау сапасын арттыру және білім беру процесінің жүйелілігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Оқу жылын аяқтауға байланысты ұйымдастырушылық іс-шаралар туралы білім бөлімінің бас маманы Зубкова Е.А. баяндама жасап, мектептердің қорытынды кезеңдегі басым міндеттерін атап өтіп, бірыңғай талаптарды сақтауға назар аударды.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық мәселесі бойынша АӘК әдіскері Тулешева С.А. баяндама жасап, мектептердің оқушыларды дайындау жұмыстарының тиімсіз тұстарын көрсетті. Сонымен қатар қалыптасқан жағдай бойынша сөз «Е. Бөкетов атындағы мектеп-гимназия» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Кенес А.Д. және «Қ. Салықов атындағы орта мектеп» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ильясова Г.И.-ге берілді.
Оқыту деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында «Сапаны сақтау» жобасын іске асыруға ерекше назар аударылды. «Приишим орта мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ярославцева Т.В. бастауыштан негізгі буынға көшу кезеңінде білім алушыларды сүйемелдеу бойынша жүйелі жұмыс тәжірибесін таныстырып, педагогтердің талаптарының үйлесімділігінің маңыздылығын атап өтті.
АӘК меңгерушісі Капеева Г.А. ББЖМ-не дайындық және аудан мектептеріндегі білім сапасының жай-күйі бойынша талдау жасады. Проблемалық мәселелер айқындалып, білім сапасын арттыруға бағытталған нақты шаралар, оның ішінде педагогтер мен білім алушылармен мақсатты жұмыс жүргізу жолдары ұсынылды.
Әдістемелік кеңес қорытындысы бойынша келесі бағыттарда ұсынымдар қабылданды:
– ҰБТ және ББЖМ-не дайындық сапасын арттыру;
– мектепішілік бақылауды күшейту;
– білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты дамыту;
– тиімді педагогикалық тәжірибелерді енгізу.
Өткізілген әдістемелік кеңес кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және білім сапасын арттыруға бағытталған бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру алаңына айналды.