2026 жылғы 30 сәуірде Шал ақын ауданының білім беру ұйымдарында «Жер амбассадорлары» және «Жасыл клубтар» жобалары аясында «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күндері» республикалық экологиялық акциясы өтті.
Акцияға аудан мектептерінің педагогтары мен оқушылары қатысты. Қатысушылар қоршаған ортаны сақтауға өз үлестерін қоса отырып, аумақтарды көгалдандыруға, ағаш көшеттерін отырғызуға және мектеп жанындағы учаскелерді абаттандыруға белсенді қатысты
Мұндай іс-шараларды өткізу экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеуге және өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға ықпал етеді.