
Қуанышты жаңалық!

2026 жылдың 29 сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында өткен қазақ тілі мен әдебиетінен Қанипа Бітібаева атындағы олимпиаданың республикалық кезеңінде жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Мусина Гульнар III дәрежелі дипломға ие болды. Бұл – оқушымыздың білімге деген талпынысының, еңбекқорлығы мен табандылығының жарқын нәтижесі. Осындай биік жетістікке жету жолында оқушыға бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсеткен жетекші ұстазы Гульмару Рамазановна Абдрахмановаға да алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да осындай биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!

Жеңіс құтты болсын! Жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!