«Шал ақын ауданының білім бөлімі» КММ 2026 жылғы 24 сәуірде «Орта білім берудің үздік ұйымы» грантын тағайындауға арналған облыстық байқауының аудандық кезеңін өткізу туралы хабарлайды.
Байқау тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтау, жинақтау және тарату, педагогтер мен орта білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби және жеке өсуін ынталандыру, Қазақстан Республикасындағы орта білім беру жүйесінің даму тенденцияларын анықтау мақсатында өткізіледі.
Байқауға барлық түрдегі мемлекеттік орта білім беру ұйымдары қатыса алады. Байқаудың облыстық кезеңі 27 мамырында өтеді.
Байқаудың аудандық кезеңіне қатысу үшін өтінімдерді, материалдарды 2026 жылғы 20 сәуірге дейін Шал ақын ауданының білім бөлімі «Әдістемелік кабинетіне» қолма-қол тапсыру қажет.
КГУ «Отдел образования района Шал акын» информирует вас о проведении районного этапа областного конкурса на присуждение гранта «Лучшая организация среднего образования»