2026 жылғы 10 сәуірде Шал ақын ауданының білім бөлімі Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп «Адал жол – Честный путь» тақырыбында аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы байқау өткізді.
Іс-шараға аудан мектептері қатысты. Байқау 5 кезеңнен тұрды: «Жылыту кезеңі», логикалық сұрақтар, ситуациялық тапсырмалар, ребустар және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конструктор» (бір сөзден бірнеше сөз құрастыру). Әр кезең қатысушылардың білімін, логикалық ойлау қабілетін және тапқырлығын дамытуға бағытталды.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды Ақсу негізгі мектебі иеленді. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын насихаттау.
Байқау жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, мазмұнды әрі қызықты болды. Қатысушылар логикалық тапсырмалар арқылы ой-өрістерін кеңейтіп, түрлі өмірлік жағдайларда шешім қабылдауды үйренді. Ребустар мен сөз құрастыру кезеңдері ерекше қызығушылық тудырып, командалардың белсенділігін арттырды.