
Ағым жылының 3 сәуірінде онлайн режимінде жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында «Абайтану» олимпиадасы өткізілді. Байқаудың мақсаты – Абай мұраларын насихаттау арқылы оқушылардың Абай шығармаларын түсіну, пайымдау деңгейін дамыту, Абайдың білім, ғылымды игеру қағидаттары, ар ілімі, толық адам ілімін терең зерделеуге баулу. Олимпиада 2 айналымнан тұрды. Нәтижесінде Жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Сапаров Дамир III дәрежелі дипломға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сыздыкова Айман Жетеновна.