
Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары үшін мазмұнды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Дастарханға наурыз-көже, бауырсақ, хош иісті палау мен ыстық шай ұсынылды. Барша келген қауымға самауырдан құйылған ыстық шай, қазанда піскен дәмді палау мен қуырдақ ұсынылып, ерекше жайлы әрі шынайы атмосфера қалыптасты.
Ұлттық дәстүрлер мен қолөнер көріністері көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды: қонақтар шаш өру, жүн иіру және қамшы жасау үдерістерін тамашалады. Құрметті қонақтарға арналып мол дастархан жайылып, ол береке мен бірліктің белгісіндей болды.
Алаң мерекеге сай әсем безендірілді: педагогтердің өз қолымен жасалған әсем гүлдер айналаны көркейтіп, мерекеге ерекше жылулық пен шынайылық сыйлады.
Мерекенің жарқын көріністерінің бірі – ұлттық киімдер шеруі болды. Қатысушылар дәстүрлі киімдердің әсемдігін паш етті. Барлық іс-шаралар әсем әуен мен әннің сүйемелдеуімен өтіп, айналаны шаттық пен көктемгі көңіл-күйге бөледі.
Наурыз мерекесі жаңару мен бірліктің, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің айқын көрінісіне айналып, қала тұрғындарын ортақ қуанышқа біріктірді.