
2026 жылдың 17 наурызында Шал ақын ауданында білім бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесіп ұйымдастырған «Наурыз – береке бастауы» атты аудандық отбасылық онлайн-бейнеролик байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту, қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениетін насихаттау.
Байқауға ауданның отбасылары қатысып, отбасылық дәстүрлерді, ұлттық тағамдарды дайындау процесін және мерекелік дастархан туралы шығармашылық бейнероликтер ұсынды.
Аудандық білім бөлімінің атынан байқауға әдіскер А.А.Сарсекеева отбасымен қатысып, 2 орынды иеленді.
Лайықты нәтижемен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!
Мұндай іс-шаралар отбасылық шығармашылықты, ұрпақтар сабақтастығын дамытуға және ұлттық өнер мен тағамдардың танымал болуына ықпал етеді.