«Қос жұлдыз» ән байқауы

«Қос жұлдыз» ән байқауы

Жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және 5-11 сынып оқушылары арасындағы «Қос жұлдыз» ән байқауы Е.Шайкин атындағы мектеп-лицейінде өткізілді. Байқаудың мақсаты: оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен шығармашылық қабілетін дамыту, вокалдық өнерді дәріптеу және орындаушылық мәдениетті жетілдіру, өнер арқылы ұрпақтар сабақтастығын нығайту. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешімімен анықталып, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.