«Сегіз қырлы, бір сырлы» сайысы

«Сегіз қырлы, бір сырлы» сайысы

2026 жылдың 19 ақпанда Семиполка орта мектебінде жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында «Сегіз қырлы, бір сырлы» аудандық сайысы өткізілді. Мақсаты: Білім алушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін  дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу. Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыру. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешімімен анықталып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.