Шал ақын ауданында «Дарынды балаларға-талантты мұғалім»- Республикалық педагогикалық олимпиадасының кезеңі өтті.

Шал ақын ауданында «Дарынды балаларға-талантты мұғалім»- Республикалық педагогикалық олимпиадасының кезеңі өтті.

13 ақпан күні «К.Салықов атындағы орта мектеп» КММ базасында білім беру ұйымдарының шығармашылық, бастамшыл және кәсіби белсенді педагогтерін біріктірген « Дарынды балаларға-талантты мұғалім» Республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты-талантты  мұғалімдерді анықтау және қолдау, кәсіби шеберлікті дамыту, дарынды балалармен жұмыс істеудің тиімді педагогикалық тәжірибесі мен заманауи білім беру тәжірибелерін тарату. Конкурстық бағдарлама шеңберінде қатысушылар кәсіби жетістіктер портфолиосын ұсынды, өздерінің педагогикалық қызметінің нәтижелерін, оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістемелерін көрсетті, сондай-ақ өзін-өзі таныстыру өткізді. Қазылар алқасы ұсынылған материалдардың жүйелілігі мен дәлелдігіне, кәсіби өсу динамикасына, әдістемелік әзірлемелердің толықтығы мен алуан түрлілігіне ерекше назар аударды. Өзін-өзі таныстыру кезінде мұғалімдер кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейін, өз жетістіктері мен қиындықтарын талдай білуді, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін және импровизация қабілетін көрсетті.

Конкурстық сынақтардың қорытындысы бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінде аудан атынан қатысатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Олимпиаданы өткізу педагогикалық кәсіптің мәртебесін арттыруға ықпал етеді, шығармашылық ізденісті ынталандырады және дарынды білім алушылардың сапалы білім алуы үшін жағдай жасауға бағытталған.