
2026 жылғы 12 ақпанда білім беру ұйымдарының педагогтері арасында Есім Шайкиннің 100 жылдығына арналған аудандық тоғызқұмалақ турнирі өтті. Сайыстың Есім Шайкин атындағы мектеп-лицейінде өтуі ерекше мәнге ие болды.
Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде Есім Шайкиннің ұлы — Нұрлан Есімұлы, сондай-ақ Сеңкебаев С.Т. және Омаров М.Ш. қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар алған мектептер:
🥇 1 орын — Жаңажол орта мектебі
🥈 2 орын — Есім Шайкин атындағы мектеп-лицейі
🥉 3 орын — М. Ахметбеков атындағы орта мектеп
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға белсенді қатысып, ұлттық зияткерлік ойындарды дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!